Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін еліміздің басым бөлігінде циклонның әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Солтүстік және орталық өңірлерді қатты жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Тек еліміздің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болып, ыстық ауа райы сақталады.
Күндіз Жамбыл, Ұлытау, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы 35-39, ал Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарында 35-40 градусқа дейін көтеріледі.
Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ауа температурасы +27+29°С, желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.
Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы +37+39°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ауа температурасы +34+36°С, желдің жылдамдығы 8-13, екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.