Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда декреттік демалыстан ерте шыққан аналарға жәрдемақы төленбейді: Нені білу қажет
Жаңалықтар

Қазақстанда декреттік демалыстан ерте шыққан аналарға жәрдемақы төленбейді: Нені білу қажет

22.05.2025
1 мин
12
2379
Сурет: psy.su

2025 жылы декреттік демалыстан мерзімінен бұрын жұмысқа шыққан аналар еңбекке жарамды болып саналатындықтан, оларға бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем қарастырылмайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ел бойынша бес ана мемлекеттен бала күтімі үшін берілетін жәрдемақыдан айырылған.

Қазіргі таңда Таңшолпан Орынтай бала күтіміне байланысты демалыста. Ол тұңғышы үш жасқа толғанға дейін жұмысқа шықпауға бел буған. Себебі табыс тапқан жағдайда мемлекеттен берілетін жәрдемақыдан айырылатынын жақсы біледі.

- Мемлекеттік қызметкер болған соң қосымша жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ. Жұмыс кестем оған жол бермейді. Қазір күйеуімнің жалғыз табысына қарап отырмыз. Өзім жұмыс істемегендіктен табысым жоқ. Қарыздарым, несием, пәтерақым бар. Сондықтан бұл жүйені әділетсіз деп есептеймін, – дейді Таңшолпан Орынтай.

Соңғы уақытта декреттік төлемдерге қатысты мәселелер қоғамда қызу талқыланып келеді. Қолданыстағы сақтандыру ережелеріне сәйкес, бала күтіміне байланысты мемлекеттік төлем бала 1,5 жасқа толғанға дейін жүргізіледі. Бұл кезеңде аналарға жалақысының 40%-ы көлемінде төлем төленеді. Алайда, егер әйел адам декреттік демалыстан ерте шығып, жұмысқа орналасса, онда әлеуметтік төлемдер тоқтатылады.

- Бұл норма 2023 жылдан бастап күшіне енген. Егер декреттегі ана қосымша табыс тапқысы келсе, ол бұл туралы 10 жұмыс күні ішінде тиісті органдарға хабарлауы тиіс. Бұл міндеттілік әлеуметтік төлем алушының жауапкершілігінде. Әзірге барлық төлемдер нақты жүйе арқылы бақылауға алынбаған, – дейді Әлеуметтік сақтандыру қоры департаментінің директоры Дина Байегізова.

Егер декреттік демалыстағы аналар табысы туралы мәліметті жасырса, бұл заңбұзушылық болып есептеледі. Мұндай жағдайда сақтандыру қоры заңсыз алынған төлемдерді толық көлемде кері қайтаруды талап етуге құқылы.

Биыл бес әйел декреттік демалыстан мерзімінен бұрын жұмысқа шыққан соң, оларға төленіп келген әлеуметтік жәрдемақы тоқтатылған. Олар тиісті өтініштерді өз еріктерімен берген. Сарапшылардың айтуынша, өткен жылы 277 мың ата-ана бала күтімі бойынша жәрдемақы алған. Олардың шамамен 9%-ы мемлекеттік төлеммен қатар қосымша табыс көзін иеленген. Әлеуметтік сақтандыру қоры бүгінде барлық төлемдерді бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
12 Пікір
Н
НҰР 29.05.2025
Баланын ақшасында не ақыларыныз бар Әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы сізде ана шығарсыз! Қай әйел жетіскеннен баласын тастап жұмысқа шығып отыр үкіметтен жақсы жағдай жасалып отырса отырмайма үйінде баласының қасында.
Жауап беру
Г
Гау 23.05.2025
Әділетсіздік. Балаға арналған төлемде нелерің бар? Жөргек пұл деп аты айтып тұр емес па? Осыны да қай іші тар көре алмай шығарды екен? Бала туу саны көрсеткіші төменгі деңгейге түсті деп шулап жатырсыңдар еще. Қарсымыз. Не деген жүйе болып кетті соңғы кезде?…
Жауап беру
Г
Гау 23.05.2025
Әділетсіздік. Балаға арналған төлемде нелерің бар? Жөргек пұл деп аты айтып тұр емес па? Осыны да қай іші тар көре алмай шығарды екен? Бала туу саны көрсеткіші төменгі деңгейге түсті деп шулап жатырсыңдар еще. Қарсымыз. Не деген жүйе болып кетті соңғы кезде?…
Жауап беру
Б
Балжан 23.05.2025
Ол әділетсіздік. Енді қалғаны сол аналардың ақшасын аңду ма. Елде одан басқа қаншама ақша кететін жағына кетіп жатқан шығар. Аналар жетіскеннен жұмысөа шықпайды. Жетип тұрса баласын емізіп касында болғанға не жетін. Соның барлығы жетіспеушіліктен гой.
Жауап беру
М
Мөлдір 23.05.2025
Бала күтіміне арналған жәрдем ақы 2 жасқа дейін төленсе жақсы болар еді. Екі жастағы баланы балабақшаға беріп жұмысқа шығатын. Қазақстанда жұмыс істемесең өмір сүру өте қиын. Тамақ киім бәрі қымбат. Сосын декреттік төлем жайында. Шын жеке кәсіпкерлер мен айлығы жоғары ханымдарға обал болды.
Жауап беру
Д
Динар 23.05.2025
Дұрыс емес! Бізге бұл заң қажет емес! Ақша жетпегеннен шығады ғой жұмысқа. Қай ана кішкентай баласын қалдырып жұмысқа шыққысы келеді дейсің. Декреттік төлемді көбейтудің орнына бұлар керісінше жасайды, не деген сұмдық төлейтін пособие тиын оны да отмена жасап отыр Қашан қарапайым халыққа тиімді заңдар ойлап табады екен осы жоғарыдағылар
Жауап беру
Ж
Жазира 23.05.2025
Енді сол ақшаға қарап калдыңдарма? Ана мен балаға толесін. Қайбір жетіскеннен жұмыска шығады жетпегесін шығады. Бәріміздеде кридит уйіміз ипатекада неге қхалықты ойламайсыңдар? Толеңдер дұрыс ақша беретіндерің мардымсыз, толық жұмыстағыдай айлық қылып толесеңдер 1,5 жаска дейін отырмайдыма .
Жауап беру
Ш
Шолпан 23.05.2025
Дұрыс емес! Аналар жетіскеннен жұмысқа шықпайды. Ипотека кредит төлеу керек тамақ жүріп тұруы бар. Сондықтан бұл заң керек жоқ деп ойлаймын! Аналар риза болатындай қаржы төлесін 3 жасқа дейін үйде отырамыз.
Жауап беру
Д
Дана 23.05.2025
Ақша жетпегеннен шығады ғой жұмысқа. Қай ана кішкентай баласын қалдырып жұмысқа шыққысы келеді дейсің. Декреттік төлемді көбейтудің орнына бұлар керісінше жасайды
Жауап беру
Г
Гүлназ 23.05.2025
Айлығының 40% емес толық төлесін, сосын жатады ғой олда баласына қарап тамсанып. Айлығы шайлығынан артылмай, баланың бар ақшасы тамағы мен памперсінен артылмай жатса не істеу керек. Үкімет анда кетті, мында кетті деген есебі жоқ миллиардтарға жақсылап есеп берсін оданда. Тиын санап күн көріп жүрген бишара халықты одан әрі жүдетпей.
Жауап беру
А
Ақмарал 23.05.2025
Қарапайым халықтың қалатасын аңдығаннан басқа түк бітірмейтін билік басындағылардың жалақысында осылай қысқартса әділетті болар еді. Риза емеспін мына заңға
Жауап беру
Г
Гүлбақыт 22.05.2025
Бұл заң дұрыс емес казіргі таңда несиелері бар , жалдамалы пәтерде тұратын отбасы көп. Қосымша жұмыс жасау қажет. Еріккеннен шыкпайды жетіспеушіліктен жұмысқа шығады.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл