Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қаржы министрі Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша екенін айтты
Жаңалықтар

Қаржы министрі Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша екенін айтты

18.06.2025
1 мин
1
539
Сурет: obk.kz

Мәжіліс отырысында 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептері қаралды. Осы отырыста қаржы министрі Мәди Тәкиев Қазақстанның мемлекеттік қарызы жөнінде мәлімет берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрдің айтуынша, 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздің мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 21 пайызын құраған.

- Халықаралық институттардың бағалауы бойынша, Қазақстанның мемлекеттік қарызы жоғары деңгейде емес, оны тиімді басқаруға болады. Бұған рейтинг агенттіктерінің бағалары дәлел. Былтыр қарызды қайта бағалау жүргізіліп, оның деңгейі сәл өзгерді. Соған қарамастан, бұл мәселе үкімет деңгейінде қарастырылып жатыр. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша біз бұл мәселені Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте талқыладық. Мемлекеттік қарызды азайту үшін бюджет тапшылығын қысқартып, салық түсімдерін арттыру қажет. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жаңа Салық кодексі бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді деп ойлаймын, – деді министр.

Сонымен қатар, ол Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістер туралы да айтты.

- Қазір Қаржы министрлігі тиісті нормативтік-құқықтық актіні әзірлеуде. Оны шілде айында енгізуді жоспарлап отырмыз. Жаңа есептерде әрбір субъект бойынша – кім, қанша қарыз алғаны туралы нақты ақпарат көрсетіледі. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр, – деп толықтырды Мәди Тәкиев.

Еске сала кетейік, мамыр айының басында Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Қазақстанның мемлекеттік қарызы жалпы ішкі өнімнің 23 пайызына тең екенін мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, бұл – халықаралық стандарттар бойынша өте төмен көрсеткіш.

Сондай-ақ өткен күзде сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов мемлекеттік емес несиелер мен оларды өтеу бойынша шығындар артқанын атап өткен еді. Оның айтуынша, бұл мемлекет кепілдігімен берілген қарыздарға да қатысты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Е
Ерасыл 18.06.2025
Әр қазақстандық 1600000 қарызы бар екенде
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл