Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бар болғаны 5 минутта: Ай сайынғы несие төлемін қалай азайтуға болады?
Қаржылық сауат

Бар болғаны 5 минутта: Ай сайынғы несие төлемін қалай азайтуға болады?

22.05.2025
1 мин
4
3037
Сурет: companies.rbk.ru

Несиені қайта қаржыландыру – ай сайынғы төлемді және пайыз мөлшерлемесін төмендетудің тиімді тәсілі. Ең бастысы – бұл сіздің несие тарихыңызға кері әсер етпейді, - деп мәлімдейді Dauletten.kz.

Бүгінде Қазақстанда 9 миллионнан астам адамның несиесі бар. Көпшілігі несиесін уақытылы төлеп отырса да, қарыз жүктемесін жеңілдетуге болатынын біле бермейді. Мұндайда несиені қайта қаржыландыру көмектесе алады. ForteBank сарапшылары өз өнімдері арқылы бұл қызметтің қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді.

Ай сайынғы төлемді азайтудың жолдары

Негізгі үш тәсіл бар:
    1.    Несиені қайта қаржыландыру
    2.    Ішінара мерзімінен бұрын өтеу
    3.    Қарызды қайта құрылымдау

Қайта құрылымдау кей жағдайда несие тарихына теріс әсер етуі мүмкін, себебі бұл қаржылық қиындық белгісі ретінде қарастырылады. Ал несиені қайта қаржыландыру – бұл қолданыстағы несиені тиімді шарттармен жаңа несиеге ауыстыру. Жаңа несиенің пайыз мөлшерлемесі төмен, мерзімі ұзақ және ай сайынғы төлемі ыңғайлы болады.

Қайта қаржыландыру қалай жүзеге асады?

Мысалы, адам үш түрлі банктен несие алған. Әрқайсысының төлем уақыты, сомасы және шарттары әртүрлі. Мұндай жағдайда төлемдерді ұмытып кету, қаржылық салмақтың артуы сияқты қиындықтар туындайды. Ал қайта қаржыландыру арқылы бұл несиелерді бір жерге шоғырландырып, бір ғана банкте тиімді шарттармен төлем жасауға болады.

Артықшылықтары:

  • Бірнеше төлемнің орнына бір төлем – кешіктіру қаупі азаяды;
  • Пайыз төмендегендіктен ақша үнемделеді (мысалы, 33%-дың орнына 23%);
  • Мерзім ұзарып, төлем төмендейді.

Дамирдің мысалы

ForteBank клиенті Дамир екі түрлі банктен жиһаз және әрлеу материалдары үшін несие алған. Ай сайынғы төлемі – 110 000 теңге, жалпы қарызы – 2,5 млн теңге. Қайта қаржыландыру туралы білгеннен кейін, Forte қосымшасы арқылы онлайн өтінім берді. Нәтижесінде:
    •    3 млн теңге несие мақұлданды (2,5 млн – бұрынғы қарызды жабуға, 500 мың – қосымша қаражат);
    •    Жаңа пайыз мөлшерлемесі – 17%, ЖТСМ – 18,7%;
    •    Мерзімі – 5 жыл;
    •    Жаңа ай сайынғы төлем – 74 500 теңге (ай сайынғы үнем – 35 500 теңге);
    •    Енді тек бір банкке ғана төлем жасайды.

ForteBank ұсынатын қайта қаржыландыру шарттары
    •    8 миллион теңгеге дейін, 5 жыл мерзімге дейін;
    •    Жылдық мөлшерлеме – 17%-дан бастап (ЖТСМ – 18,7%-дан);
    •    Комиссия және сақтандырусыз;
    •    Несие толық көлемде беріледі;
    •    Онлайн өтінім қабылданады.

Қайта қаржыландыру үшін не істеу керек:

  1. ForteApp қосымшасын жүктеңіз
  2. “Несиелер” бөлімінен “Қайта қаржыландыруды” таңдаңыз
  3. Қайта қаржыландырғыңыз келетін несиелерді белгілеңіз, қажет болса қосымша қаражатты көрсетіңіз
  4. Бір минут ішінде есептелген шарттар ұсынылады
  5. Келіссеңіз, шартқа онлайн қол қойыңыз – қаражат автоматты түрде аударылады
  6. Қосымша мақұлданған сома – банк картаңызға түседі

Қысқасы, бүкіл процесс небәрі 5 минут уақытыңызды алады. Егер көмек қажет болса, кез келген ForteBank бөлімшесіне жүгінуге болады. Ең маңыздысы – басқа банктегі несиелерді толық өтеу, әйтпесе айыппұл салынады.

Forte арқылы несиені қайта қаржыландырып, артық төлемнен құтылыңыз. Бұл оңай, жылдам әрі тегін. Қосымшаны жүктеп, өз пайдаңызды есептеп көріңіз!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
С
Серікболсын 23.05.2025
Бұл жерде банк өзінікін бермейтін болар. Ай сайынғы төлемді төмендетсеніз , төлейтін жылыныз ұзарады и % қосылады! Бұл менің жеке түсінігім.
Жауап беру
С
Салтанат 22.05.2025
Кредит басқа банкте болса ше
Жауап беру
К
Кумис 22.05.2025
Баска банкте кайта каржыландыруга болама
Жауап беру
Г
Гульдане 22.05.2025
Сурайын дегенім қайта қаржыландыру туралы
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл