Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін фронтальды бөлімдер әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғуы ықтимал. Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында және Қызылорда облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.
Астанада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +18+20°C, желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с.
Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +20+22°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +25+27°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.