Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Бизнесті қолдау

"3 млрд теңге бөлінеді": Бизнесті қолдауға арналған жаңа бағдарлама іске қосылады

27.10.2022
2 мин
2
2834

Биыл «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы үшін республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінеді. 61 елді мекеннің тұрғындары үстемеақысы 2,5% болатын несие алып, өз бизнесін бастай алады. 2023 жылы тағы 3,5 млрд теңге қарастырылады.

Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында тұрақты макроэкономикалық өсім сақталып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Ералы Тоғжанов облыстық, қалалық мәслихат депуттары, Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуінде айтты.

Есепті кезеңде жеті негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштің алтауында өсім бар. Атап айтқанда, өнеркәсіптің өсу қарқыны 101,8%, инвестициялар – 101,3%, ауыл шаруашылығы – 105,8%, құрылыс – 103,6%, тұрғын үйді пайдалануға беру – 101,8%, көлік және қойма логистикасы – 103,1% деңгейін көрсетті. Былтырғымен салыстырғанда төмен көрсеткіш тек сауда саласында байқалады.


Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ералы Тоғжанов облыс әкімі қызметіне тағайындалған күннен бастап өңірдің барлық ауданын аралады. Халықты толғандырған проблемалық мәселелерді жеке бақылауына алды. Нәтижесінде қысқа мерзімде 41-разъезд ауданында «Оңтүстік айналма жол» және «Ақтөбе-Қандыағаш» қайта жаңғыртылып жатқан жолдардың төрт жолағының екеуі пайдалануға берілді. Жол құрылысы маусымының қызған кезінде битум тапшылығы мәселесі шешілді.

Ақтөбе қаласының аумағын абаттандыру және санитариялық тазарту жұмыстары күшейтілді. Қазан айында Астанада өткен «KGIR 2022» халықаралық форумында облысты дамыту бағытында маңызды келісімдерге қол қойылды. Оның шеңберінде құны 735 миллион доллар болатын ірі инвестициялық жобалар іске асырылады. Келесі жылдан бастап Ақтөбе қаласында битум зауыты, ядролық медициналық орталығы, кәріздік тазарту құрылғысы жобасы, көлік-логистикалық хабы және еліміздегі ең ірі болат балқыту зауыты салынады.

«Біздің алдымызда өңірдің өзекті мәселелерін әрі қарай тиімді шешу міндеті тұр. Оның ішінде, ауыл халқының табысын арттыру үшін біз «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын іске қосамыз. Биыл жобаға республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлініп, 61 елді мекеннің тұрғындары 2,5% жеңілдікті несие алып, өз бизнесін бастай алады. 2023 жылы қосымша 3,5 млрд теңге бөлініп қамтылатын ауылдар саны артады. Осы жобаны іске асыра отырып, біз жаңа жұмыс орындарын ашамыз, мал мен құс басын көбейтеміз және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз», - деді өз сөзінде облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Бұдан өзге Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы Хромтаудың экономикасын әртараптандыруға ерекше көңіл бөлінбек. Дәлірек айтқанда шағын және орта бизнеске жалпы сомасы 2 млрд теңге болатын 3 пайыздық несие беріледі.

Облыс әкімінің жіті бақылауындағы тағы бір проблема – жолдардың сапасы. Ірі жобалардың қатарында «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын», «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» және «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» трассаларын жөндеу бар.

«Тұрғын үй құрылысы саласында да проблемалық нысандар бар. Бүгінгі таңда Ақтөбеде осындай 11 нысанға 540 үлескер жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеге қаражат салған. Қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу үшін тапсырмам бойынша «Құрылыс кооперативтердің проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі жол картасы» бекітілді. Қазіргі уақытта барлық 11 нысан құрылысын аяқтау үшін әлеуетті инвесторлар табылды. Келесі жылы барлық проблемалы үйлер пайдалануға берілуі тиіс», - деп нақтылады өңір басшысы.

Сондай-ақ Ералы Тоғжанов депутаттарды өңірдің елді мекендерін абаттандыру, қала мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне белсенді қатысуға шақырды. Ақтөбеде жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеге қала көшелерін жарықтандыру бойынша ауқымды жоба қолға алынды. Келесі жылы 100 аула аумағын абаттандыру жоспарланды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
К
Кумар 28.10.2022
Өте жақсы
Жауап беру
А
Аметова Нилуфар 28.10.2022
Кімге жолығып қалай аламыз?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл