Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
80 білім беру ұйымында оқу онлайн форматында жүргізілуде
Жаңалықтар

80 білім беру ұйымында оқу онлайн форматында жүргізілуде

07.04.2024
1 мин
0
112
Фото: ortcom.kz

Оқу-ағарту министрлігі өңірлердегі жағдайға тұрақты түрде мониторинг және үйлестіру жұмыстарын жүргізіп отыр. Министрлік өкілдері республикалық және өңірлік жедел штабтардың құрамында жұмыс жасауда. Жедел ақпаратқа сәйкес, бүгінде 80 білім беру ұйымдарында оқу онлайн форматында жүргізілуде. Оның ішінде 55 мектеп эвакуациялық пункт болып айқындалған. Бұл мектептердегі бала саны – 7255. Бұл туралы ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы ОКҚ брифингінде хабарлады.

Балаларға және зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету мақсатында жергілікті жерлерде 300-ден астам мектеп психологтары жұмыс жасауда. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің белсенді араласуы ұйымдастырылды. Зардап шеккен елді мекен балалары оқу құралдарымен, онлайн оқыту үшін қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. 

«Интернет жылдамдығы нашар ауылдық мектептерді Starlink жүйесіне қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ министрдің тапсырмасы бойынша 6 сәуірден бастап 11 балаларды сауықтыру орталықтарына зардап шеккен өңірлерден балаларды қабылдау басталды. Мұнда оқу процесі қатар ұйымдастырылады. Балаларды қабылдаудың алғашқы күнінде Ақмола облысындағы «Жасдәурен» балаларды сауықтыру орталығы 80-нен астам баланы қабылдады»,-деді спикер. 

Балаларды сауықтыру орталықтарына ұйымдасқан түрде тасымалдау мақсатында қауіпсіздік бойынша және ведомствоаралық іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Бүгінгі таңда 20 мыңнан астам білім саласының қызметкерлері волонтерлер қатарында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысуда, оның ішінде 10 мыңнан астамы эвакуациялық пункттерде жұмыс жасауда. Осы орайда ведомство ұстаздар мен барлық білім беру қызметкерлеріне алғыс білдіреді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
296
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл