Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Birgemiz: Bilim» жобасы бастау алды: 5 000 адам тегін білім ала алады
Жаңалықтар

«Birgemiz: Bilim» жобасы бастау алды: 5 000 адам тегін білім ала алады

22.04.2024
1 мин
8
1250
Фото: tmvl.ru

Елімізде «Birgemiz: Bilim»  жалпыұлттық жобасы іске қосылды. Аталмыш жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен іске асуда.

Жоба мақсаты – халық арасындағы, соның ішінде ауылдық елді мекендерде цифлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылық деңгейін волонтерлік көмек пен бейресми оқу әдістері арқылы арттыру.

Жоба аясында 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылық бойынша білімі бар 2000 ерікті таңдалып алынады. Олар сарапшы тренерлердің қатысуымен арнайы оқу курстарынан өтеді. Дайындалған волонтерлар әр түрлі халық топтарынан, соның ішінде ауылдық жерлердегі 5000-нан астам адамға өз аймақтарында тегін тренингтер, курстар, семинарлар, шеберлік сабақтар түрінде оқу іс-шараларын өткізеді.

Сондай-ақ 100 күндік «Жастар таңдауы» марафоны өтеді. Марафон барысында қатысушылардың қабілеттерін арттырып, күн сайын дамуға бағытталған түрлі тапсырмалар ұсынылып отырады.

Үздік жобаларды қолдау мақсатында жалпы сомасы 9 млн теңгені құрайтын 30 шағын грант байқауы жоспарлануда. Шағын грант байқауы - халықтың әртүрлі топтарын цифрлық, қаржылық, тілдік және компьютерлік сауаттылыққа үйретуде волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған. 5 ай ішінде грант иегерлері өздерінің әлеуметтік бастамаларын жүзеге асырады. Соның ішінде кем дегенде 3 үздік жобаны одан әрі қаржыландыру үшін әртүрлі ұйымдардан, бизнес құрылымдардан қосымша қаражат тарту жоспарланған.

Түрлі номинациялар бойынша үздік, белсенді волонтерлер, жүзеге асырылған шағын гранттар арасынан үздік жобалар ел астанасында өтетін қорытынды форумда марапатталады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
302
8 Пікір
Ш
Шугула 23.04.2024
Бұл бағдарламаға қалай қатысуға болады
Жауап беру
А
Анар 23.04.2024
Тамаша
Жауап беру
А
Анар 23.04.2024
Тамаша
Жауап беру
А
Аманкул 23.04.2024
Билим алгым келеди
Жауап беру
А
Аманкул 23.04.2024
Билим алгым келеди
Жауап беру
А
Аманкул 23.04.2024
Билим алгым келеди
Жауап беру
А
Аманкул 23.04.2024
Билим алгым келеди
Жауап беру
М
Макпал 22.04.2024
Жаксы жоба екен,копбалалы ретынде катыса аламынба екен?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл