Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай?
Баспанаға бағыт

«Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай?

02.12.2022
2 мин
15
4763

Жастарды баспанамен қамтитын «Абай жастары» бағдарламасына қатысу шарттары жарияланды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, желтоқсан айының 1-інен бастап «Абай жастары» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаның әкімшісі – Семей қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі. Әкімдік бағдарламаны «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырады.

«Бір қатысушыға берілетін несиенің ең жоғары сомасы 15 млн теңгені құрайды. Егер тұрғын үй құны бұл сомадан асса, қалған ақшаны өтініш беруші өз қаражаты есебінен төлейді. Пәтер сатып алу үшін бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10%. Пайыздық мөлшерлеме – 5%. Несиенің максималды мерзімі – 19 жылға дейін», - делінген ақпаратта.

Бағдарламаға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан баспана кезегiнде тұрған 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Сондай-ақ осы жас аралығындағы журналистер, мемлекеттік, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін мәдениет, денсаулық және спорт саласының қызметкерлері қатыса алады.

«Қатысушыларға қойылатын талаптар – Абай облысы, Семей қаласында тұрғылықты тіркеуде болуы. Некеде тұрған адамдар, 18 жасқа толмаған балалары барлар үшін барлық отбасы мүшелері тіркелуі керек. Қатысушының және қазіргі уақытта онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің кейінгі 5 жылда баспанасы болмауы міндетті (жағдайы апатты деп танылған үйлерді қоспағанда). Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарды қоспағанда, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, БАҚ салаларында кемінде 1 жыл жұмыс істеуі шарт. Бағдарламаға кәсіби қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйге мұқтаж санатқа жататын тиісті жастағы азаматтар қатыса алады. Егер бағдарлама қатысушылары ерлі-зайыпты болса, онда олардың біреуі ғана өтініш бере алады», - делінген хабарламада.

Өтініштер Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінде (Шмидт көшесі, 9/1 мекенжайында) қабылданады. Құжаттарды қабылдау осы жылдың 22 желтоқсанында басталып 2023 жылдың 12 қаңтарына дейін жалғасады. Қабылдау уақыты – 9.00-ден 12.00-ге дейін.

15 Пікір
Г
Гулнур 06.01.2023
40жастағылар қатыса алмайма ьалары 18ге толмаған
Жауап беру
А
Асем 04.12.2022
Неге мемлектик органда истейтиндерге гана осындай багдарламалар,сонда кара жумыс истеп журген жастар мен жас отбасылар каншама,суттин кобигин гана кормей осынын ишиндегисинеде Ман беру керек кой ,мысал неге стройкада истейтин жастар бар сатушы болып истейтиндер бар,каншамасы жеке меншик иелерде еден жуады,коше тазалайтындар бар осындайларга неге багдарламалар жок,бирдене болса мугалимдер,медицина кызметкерлери одна калса акимшиликте истейтиндер гана катысу керек,барылыгына мумкиндик бергип жатыр екен болип жармай барине бир дей карасын,айлыктары жетпейди десе котертизсин айлыктарын жеке меншик болсын мемлектик орын босын,70мынга сурип кормейма екен депутаты болсын акими болсын,олар бир кунде 70 мын жарататын шыгар,Адамды куйдиреди бар гой осылар,оздери отырады Еки ариптин басын коса алмай ана тилдеринде ещё миллион дап алады айлыкты,
Жауап беру
А
Акмарал 03.12.2022
Сәлеметсіз бе?Пенсионка мен алуға болама?
Жауап беру
Е
Есжанова Гүлзада 03.12.2022
Сәлеметсіздер ме, неге осындай бағдарламалар Алматы облысында болмайды? Болған жағдайда да қарапайым халық мүлдем естімейміз. Нағыз қарапайым халыққа керек бағдарлама екен.
Жауап беру
04.12.2022
Есть такая программа в Алматинской области
Жауап беру
Ж
Жәудір Нұрланқызы 03.12.2022
Өте келісемін, Жастарға қолдау көрсету керек. Отбасылы емес жастарды да ескеру керек деп ойлаймын. Мемлекеттік жұмыста 30 мың тенгеге жұмыс жасап үй алу деген ???? Айлық көтергенімен үйдің , оны жалға алу бағасы шарықтап тұр. Мемлекет көмектессе кішкене мотивация болар ма еді
Жауап беру
Д
Дарига 03.12.2022
Семейден прописка жок... Перваначалка беремызбе ? Пенсенка 3жылдыкы бар мен катыса аламын ба оны калай билсе болады
Жауап беру
Ж
Жанат 02.12.2022
Айына 120.000 тг төлейміз квартираға. Сол ақшаны ипотекаға төлесек болар еді ғой өз үйімізге. Пенсионка жоқ деп үй бермеулері білмим енді. Төлей алмайды деп ойлайма
Жауап беру
Ж
Жанат 02.12.2022
Алғашқы жарнамыз бар бірақ пенсионный жоқ. Жолдасым стройкамен айналысады. Табысы жақсы. Пенсионка болмағасын ешқандай үй ала алмай жүрміз. Әділетсіз біздер үшін. 2 баламыз бар 3 және 1 жаста. 10 жыл болды квартирада тұрып келеміз.
Жауап беру
03.12.2022
Қайырлы таң! Отбасы банк арқылы көрсеңіздерші.
Жауап беру
А
Айна 02.12.2022
Военнослужащилерге алуга баллы ма? Жане жинакы жок , жас отьасыга ?
Жауап беру
А
Айна 02.12.2022
Военнослужащилерге алуга баллы ма? Жане жинакы жок , жас отьасыга ?
Жауап беру
А
Айна 02.12.2022
Военнослужащилерге алуга баллы ма? Жане жинакы жок , жас отьасыга ?
Жауап беру
А
Акмарал 02.12.2022
Алғашқы жарна жоқ жинаған
Жауап беру
А
Акмарал 02.12.2022
Сәлеметсіз бе? Үш балам бар баламен үйде баспанамыз жоқ квартира да тұрамыз он жылдан асты жолдасымғана жұмыс жасайт баспана алуға жағдайымыз жоқ .Біз қатыса аламыз ба?
Жауап беру
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл