445.65
508.71
5.3
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының кеңесін өткізді
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының кеңесін өткізді

23.09.2026
мин
0
107
Сурет: Ақорда

Президент, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дербес мемлекеттік орган ретінде құрылған Қауіпсіздік кеңесі аппаратының алғашқы кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысы аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау үдерісімен сабақтастыра қарастыру қажет екенін атап өтті.

Әлемдік ахуал құбылып тұрған кезеңде Қауіпсіздік кеңесі аса маңызды мәселелер бойынша нақты әрі жан-жақты сараланған шешімдер қабылдайтын орталыққа айналуға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сын-қатерлердің сипаты едәуір өзгергеніне назар аударды. Осы орайда киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жасанды интеллектіні қолдануға баса мән берілді.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы алдағы уақытта өзектілігі арта түсетін ақпарат, технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше тоқталды.

Президент аталған салалардағы басымдықтарды белгілеп, «Заң мен тәртіп» қағидатын негізгі бағдар ретінде атады.

Кеңес қорытындысы бойынша аппаратқа бірқатар нақты міндеттер жүктелді.

Қазақстанның ұлттық мүддесін, егемендігі мен тұрақтылығын қорғау Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының тиімділігін айқындайтын басты өлшем болуға тиіс.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл