| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Денсаулық сақтау министрлігі ел тұрғындарына дәрі-дәрмек сатып алу кезінде барынша сақ болуды ескертті. Ведомство мамандары дәрмектің елдегі тіркеуіне, жарамдылық мерзіміне, қаптамасының бүтіндігіне және арнайы таңбалануына міндетті түрде назар аударуға кеңес береді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Денсаулық сақтау саласының мамандары кез келген медициналық препаратты сатып алмас бұрын оның Қазақстан аумағында заңды түрде тіркелгенін анықтап алу қажеттігін айтады. Бұдан бөлек, қаптаманың зақымдалмауы, сақтау режимінің сақталуы және жарамдылық мерзімі ерекше бақылауда болуы тиіс.
Өнім сыртындағы атауы, дозасы, дәрілік түрі мен таңбалануы мұқият тексерілуі шарт. Тұтынушылар үшін маңызды талаптың бірі – медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде берілуі.
Дәрінің түпнұсқалығын өз бетінше тексерудің бірнеше жолы бар:
Мемлекеттік дәрілік заттар тізілімі арқылы тіркеу мәртебесін тексеру;
DariKz және Naqty Onim мобильді қосымшалары арқылы таңбалау жүйесін сканерлеп, өнімнің нақтылығын көзбен көру.
Министрлік өкілдері дәрі-дәрмекті тек арнайы лицензиясы бар дәріханалардан ғана сатып алуға кеңес береді. Ал әлеуметтік желілердегі хабарландырулар мен күмәнді интернет-сайттар арқылы фармпрепараттарға тапсырыс беру денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.