| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында адам өліміне әкелген жол апаты бойынша сот үкімі шықты. Сот айыпталушы Пакты 10 жылға бас бостандығынан айырды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы қаласының соты Әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық істі қарап, айыпталушы Пакқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот отырысында жол апатынан қаза тапқан Томирис Қыдырбектің әкесі Нұрлан Шатенов жәбірленуші ретінде танылды. Айыпталушының қорғаушылары оның бұл мәртебесіне қарсылық білдіріп, Шатеновтың бұрынғы отбасылық жағдайына қатысты уәж келтірді.
Өз кезегінде Нұрлан Шатенов жұбайымен ажырасқаннан кейін де қызымен байланысын үзбегенін, оның тәрбиесіне араласып тұрғанын айтты. Сондай-ақ қызының қайтыс болғанын 21 наурыз күні таңертең полиция қызметкерлерінен естігенін жеткізді.
Марқұмның әкесі сот барысында айыпталушы тарапынан ешқандай өтемақы алмағанын және оны кешірмейтінін мәлімдеді.
Сонымен қатар ол айыпталушыдан 100 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіруді сұрады. Айтуынша, бұл талап материалдық пайда табу үшін емес, әділдікке қол жеткізу мақсатында қойылған.
Соттың үкімімен Пак 10 жылға бас бостандығынан айырылды.