Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда VIP автонөмірлердің бағасы жарияланды
Жаңалықтар

Қазақстанда VIP автонөмірлердің бағасы жарияланды

09.01.2026
мин
0
989
Сурет: Kursiv.kz

2026 жылдан бастап Қазақстанда жүргізушілер автокөлікке ВИП нөмірді өз қалауы бойынша таңдай алады, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Қазақстанда 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап автокөлік иелеріне мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін еркін таңдауға мүмкіндік беріледі. Бұл жаңашылдық ВИП нөмір алғысы келетіндер үшін үлкен мүмкіндік саналады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жүргізуші кез келген әріптік және цифрлық комбинацияны таңдай алады. Алайда нөмір бос болуы және қолданыстағы заң талаптарына сай келуі қажет. Нөмірді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы рәсімдеуге болады.

ВИП нөмірлердің бағасы қандай?

2026 жылы 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге. ВИП нөмірлердің құны комбинацияның сиректігі мен сұранысына байланысты белгіленеді.

10 АЕК (43 250 теңге) – сұранысы жоғары тізімге кірмейтін кез келген жеке комбинация

15 АЕК (64 875 теңге) – стандартты «әдемі» нөмірлер

57 АЕК (246 525 теңге) – 010, 020, 070, 707 секілді цифрлық комбинациялар

72 АЕК (311 400 теңге) – айна тәрізді сандар және бірдей әріптер

114 АЕК (493 050 теңге) – сұранысы жоғары цифрлар бірдей әріптермен

137 АЕК (592 525 теңге) – 111, 222, 333, 777 сынды «дөңгелек» нөмірлер

194–228 АЕК ( 839 050- 986 100 теңге) – осы комбинациялар бірдей әріптермен

285 АЕК (1 232 625 теңге) – ең қымбат ВИП нөмірлер: 001–009 және 777 (сұранысы жоғары әріптермен)

Автокөлікті тіркеу құны

2026 жылы көлікті есепке қою үшін 4,05 АЕК (17 516 теңге) төленеді.

Бұл сомаға:

стандартты мемлекеттік нөмір;

көлік құралын тіркеу куәлігі кіреді.

Осылайша, Қазақстанда ВИП автонөмірлердің бағасы қарапайым комбинациялардан бастап эксклюзив нұсқаларға дейін кең ауқымды қамтиды. Құн цифрлар мен әріптердің қайталануына және олардың танымалдығына тікелей байланысты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл