Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
2026 жыл: Бүгіннен бастап елде қандай өзгеріс болады?
Жаңалықтар

2026 жыл: Бүгіннен бастап елде қандай өзгеріс болады?

01.01.2026
мин
3
776
Сурет: nur.kz

2026 жылдан бастап Қазақстанда әлеуметтік төлемдер, салық жүйесі және қаржылық бақылау тәртібі өзгереді. Жаңа талаптар азаматтардың табысы, шығысы мен мемлекеттік қолдау тетіктеріне тікелей әсер етеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бүгіннен бастап Қазақстан азаматтарының әлеуметтік және экономикалық өміріне қатысты бірқатар маңызды өзгеріс күшіне енді. Атап айтқанда, зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері ұлғайып, зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану талаптары қайта қаралады. Сонымен қатар мобильді ақша аударымдарын бақылау тетігі күшейіп, салық жүйесінде жаңа өзгерістер енгізілді.

Мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа тәртібі

2026 жылдан бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдары үш нақты шарт қатар орындалған жағдайда ғана тексеріледі. Олар:
– қаражат 100 адамнан түссе;

– бұл жағдай үш ай қатарынан қайталанса;

– аударымдардың жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асса.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, осы талаптардың барлығы бір мезгілде орындалса ғана бақылау жүргізіледі. Ал туыстар немесе таныстар арасындағы тұрмыстық аударымдар тексеріске ілікпейді. Егер көрсетілген белгілер кәсіпкерлік қызметке ұқсас болса, тиісті шаралар қабылданады.

Зейнетақы мен негізгі көрсеткіштердің өсуі

2026 жылы әлеуметтік төлемдерді есептеуге негіз болатын көрсеткіштер орта есеппен 10 пайызға өседі. Соған сәйкес:

– ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;

– базалық мемлекеттік зейнетақы – 35 596 теңге;

– айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;

– күнкөрістің ең төмен шегі – 50 851 теңге болып белгіленді.

Ең төменгі жалақы мөлшері 85 000 теңге деңгейінде қалады. АЕК-тің өсуі айыппұлдар мен жәрдемақылар көлеміне де тікелей әсер етеді.

Көпбалалы отбасыларға берілетін төлемдер

АЕК-тің ұлғаюына байланысты көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақылар да артады. Мысалы, төрт баласы бар отбасы 69 мың теңгеден астам, ал жеті баласы бар аналар 121 мың теңгеден аса жәрдемақы алады. Сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға әр балаға жеке есеппен төлем қарастырылған.
Сонымен қатар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелеріне де ай сайынғы қосымша төлемдер төленеді.

Бала тууына және күтіміне байланысты төлемдер

2026 жылы бала дүниеге келген кезде берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері көбейеді. Алғашқы үш балаға – 164 350 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға – 272 475 теңге төленеді.
Жұмыс істемейтін аналарға бала 1,5 жасқа толғанға дейін ай сайын жәрдемақы тағайындалады. Ал декретке дейін еңбек еткен әйелдерге төлем соңғы екі жылдағы орташа табыстың 40 пайызы көлемінде есептеледі.

Зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігі

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі де шамамен 10 пайызға артты. Мысалы, 30 жастағы азамат үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану шегі 5,12 млн теңгеге дейін өсті.

Медициналық сақтандырудағы жаңалықтар

2026 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын табысы төмен 1 млн теңгеден астам азамат үшін жергілікті бюджет төлейді. Сонымен қатар ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендер де осы санатқа кіреді. Бес жыл бойы тұрақты жарна төлеген азаматтардың МӘМС мәртебесі төлем уақытша тоқтаған жағдайда да алты ай бойы сақталады.

Салық жүйесіндегі өзгерістер

Жаңа Салық кодексіне сәйкес салық түрлері қысқарып, бірқатар жеңілдіктер қайта қаралды. ҚҚС-тың базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болып белгіленді, ал дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге төмендетілген мөлшерлеме енгізіледі. Зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылып, ескі көліктерге салынатын салық азайтылады. Мүгедектігі бар азаматтарға берілетін салықтық шегерімдер де айтарлықтай ұлғаяды. Жылдық табысы 36,7 млн теңгеден асатын жеке тұлғалар үшін табыс салығының 15 пайыздық мөлшерлемесі қолданылады. Сонымен қатар қымбат автокөлік, жылжымайтын мүлік, элиталық алкоголь мен темекі өнімдеріне қосымша салық салынады. Бұл салық тек жеке тұлғаларға қатысты. Ал айлығы 150 мың теңгеге дейінгі азаматтар табыс салығынан босатылады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік

Әлеуметтік азық-түлік тізіміне кіретін негізгі тауарларға баға үстемесі 15 пайыздан аспайды. 2026 жылдың қаңтарынан бастап бұл тізім уақытша 14 жаңа өніммен толықтырылады. Аталған тауарларға қойылатын баға шектеуі кемінде үш айға енгізіледі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Ж
Жайна 01.01.2026
Айтарлықтай өзгерген дүние көрмедім. Ақша көбейді, әлеуметтік төлем мен жәрдеақығы #бірдеңе миллярд бөлінді дейді де ол ақша халыққа түспей жатып, бүкіл дүниенің пайызы қымбаттап кетеді. Қазақстанда өмір сүру қиын боп барады. Мен жалғызбасты және мүгедек анамын дәл қазір жұмыссыз отырмын, квартирада тұрамын 200 000т және коммуналдық төлемі бар. Тек бүгін болмаса ертең жақсы болар деген "үміт" жетелеп өмір сүрудемін. Денсаулық болса екі жерде жұмыс жасасамда лаждап табар едім ақша...
Жауап беру
Г
Гүлайым 01.01.2026
Аз беріп,көп аламыз десеңдерші????
Жауап беру
А
Айдана 01.01.2026
Халықты қанау деңіздер
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл