489.33
6.74
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік гранттарға өтінім қабылдау басталады
Бизнесті қолдау

Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік гранттарға өтінім қабылдау басталады

12.06.2026
мин
0
252

Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік гранттарға өтінім қабылдау басталады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім қабылданады.

Грант көлемі 400 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) немесе 1 730 000 теңгені құрайды. Қайтарымсыз негізде берілетін қаржылай қолдау кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа табыс көздерін қалыптастыруға және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Мемлекеттік грант әр азаматқа бір рет қана беріледі.

Конкурсқа жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар және мемлекеттік тіркеуден өткеніне бір жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер қатыса алады. Сонымен қатар үміткерлер халықтың әлеуметтік осал санаттарының біріне жатуы қажет. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдар, қандастар, өңіраралық қоныс аударушылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы алушылар және олардың жұбайлары, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған тұлғалар мен олардың жұбайлары, сондай-ақ асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар конкурсқа қатысуға құқылы.

Өтінім берудің міндетті шарттарының бірі – соңғы үш жыл ішінде алынған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сертификатының болуы.

Үміткерлерді іріктеу ұсынылған бизнес-жобалар негізінде жүргізіледі. Конкурстық комиссиялар бизнес-идеяның өміршеңдігін, даму әлеуетін, қаржылық негізділігін және жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігін бағалайды.

Өтінім беру толықтай электрондық форматта жүзеге асырылады. Қатысушылар Business.enbek.kz порталында тіркеліп, өтінім нысанын толтыруы, бизнес-жоспарды жүктеуі және құжаттарға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоюы қажет.

Бірінші лек аясында Ақтөбе және Қызылорда облыстарын қоспағанда, еліміздің барлық өңірінде 3 764 грант беру жоспарланған. Жалпы 2026 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына 9 мың мемлекеттік грант беру көзделіп отыр.

Грант қаражатын құрал-саймандар, технологиялық жабдықтар, еңбек құралдары, ауыл шаруашылығы жануарлары, мал мен құс, көшеттер, бұталар, тұқымдар мен көшет материалдарын сатып алуға жұмсауға болады. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметке қажетті үй-жайларды жалға алу шығындарын өтеуге де рұқсат етіледі.

Алайда грант қаражатын тұтынушылық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Атап айтқанда, несие немесе қарыз өтеуге, тұрғын үй сатып алуға немесе салуға, жер телімдерін алуға, шетел валютасын, бағалы қағаздарды және цифрлық активтерді сатып алуға, сондай-ақ акцизделетін өнім өндіруге және заңнамамен тыйым салынған қызмет түрлерін жүзеге асыруға грант қаражатын жұмсауға жол берілмейді.

Мемлекеттік гранттар кәсіпкерлік қызметін жаңадан бастаған азаматтарды қолдаудың маңызды тетіктерінің бірі саналады. Бұл қолдау азаматтарға өз бизнес-идеяларын жүзеге асырып, тұрақты табыс көзін қалыптастыруға және өңір экономикасының дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл