Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары енді элиталық мектептерде оқи алады
Жаңалықтар

Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары енді элиталық мектептерде оқи алады

12.08.2022
1 мин
3
3705

Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылғы 5 тамыздағы бұйрығымен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгеріс енгізді.

Құжатта дарынды балалар оқып, элиталық білім алатын мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдауға қатысты өзгерістер қамтылған.

Атап айтар болсақ, мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға түсуге баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан бастап 15 сәуір аралығында жүргізіледі, қосымша мерзімдерді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

Бұрын бұл мерзім күнтізбелік жылдың 1 наурызынан 1 сәуіріне дейін болатын.

Сондай-ақ енді байқауға халықтың әлеуметтік осал санатына жататын отбасы балалары қатыса алады.

Құжаттарды электрондық форматта ұсынуға болады. Ақпараттық жүйе болмаған жағдайда сканерленген құжаттар электрондық мекенжайға жіберіледі немесе қағаз нұсқасында мамандандырылған білім беру ұйымның кеңсесіне ұсынылады.

Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;

  • ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;

  • мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;

  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

  • отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

  • төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;

  • экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;

  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады.

    «Мың бала» ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 10% мөлшерінде болады.

    Мамандандырылған мектепке қабылданған халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың балалары жергілікті атқарушы өкілді органдардың және/немесе меншік нысанындағы барлық білім беру ұйымдарының басқару органының шешімі бойынша бюджет қаражаты есебінен тамақпен қамтамасыз етіледі.

    Бұйрық 2022 жылғы 10 тамыздан бастап күшіне енеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
Б
Баян 12.08.2022
Мектеп програмасындағы негизги сабактар ең қалдырса,қосымша сабактар қоса бермей 6-7 сабақ қиын қыста кеш қайтады маршурт болмай.5 сабактан болады ғой.барінеде
Жауап беру
С
Салтанат 12.08.2022
Шымкент қаласындағы "Жас Дарын-2"мектебіне бардым .6-балам мектепке барады .Кітапты өз қаржыларыңызға аласыздар деп қайтарды .Бастауыш сынып оқушыларына кітап тегін емес па?
Жауап беру
А
Асылбек 12.08.2022
Калай сонда, негізі жаксы жазылған бірақ мен озім түсінбедім, жалпақ тілмен түсіндіріп бересіңізба? Менің осал топта балам бар еді
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл