Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әлеуметтік желіде Тоқаевтың атын жамылған алаяқ пайда болды
Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде Тоқаевтың атын жамылған алаяқ пайда болды

22.02.2023
1 мин
0
673

Facebook әлеуметтік желісінде Jomart-Tokayev деп аталатын аккаунт ашылды. Парақшада ақшалай сыйлықтар ұтысы өткізіледі, деп хабарлады stopfake.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желілерде екі ресми парақшасы бар. Бұл Twitter-дегі @tokayevkz және Instagram-дағы tokayev_online парақшалары. Мемлекет басшысы Facebook-те тіркелмеген және ол жерде ешқандай ұтыс ойындарын өткізбейді. Бұл – фейк.

Ақшалай сыйлықтар ұтысын өткізу – алаяқтардың айла-амалдарының бірі. Олар «ұтысты» картаңызға жібереміз бен пайдаланушылардың жеке деректерін, тіпті ақшасын да иемденеді. Бұл әртүрлі жолдармен жүзеге асырылады. Кейде ұтып алған ақша аударылатын картаның деректерін сайттағы арнайы нысанға жазу керек болады. Ондай платформалар қорғалмайды, бұл әдейі жасалады, бұл оларға пайдаланушылар енгізген барлық ақпаратты көруге мүмкіндік береді: банк карталарының нөмірлерін, жарамдылық мерзімін және CVC кодты. Бұл картадағы ақшаны алу немесе интернет-дүкенде сатып алынған затқа ақы төлеу үшін жеткілікті.

Төлем деректерін ұрлаудың тағы бір жолы – оларды «халықаралық аударымды» желеу ету. Ақшалай сыйлықты картаңызға аудару үшін оның нөмірі ғана емес, барлық басқа деректері қажет. Есіңізде болсын, картаңыздың жарамдылық мерзімін де, CVC кодты да ешкімге айтуға болмайды.

Демек, Facebook-тегі Jomart-Tokayev парақшасы – фейк. Онда өткізілетін ұтыс ойыны – алаяқтардың ісі. Мұндай акцияларға қатыспаған жөн.

Фото: exk.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл