Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға қанша жәрдемақы төленді
Жаңалықтар

Көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға қанша жәрдемақы төленді

24.11.2025
мин
2
1774

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 846,5 мың отбасы қамтылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Олар жалпы сомасы 501,8 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы алды. Оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен – 603 мың отбасы 436,5 млрд теңгеге, наградталған анаға берілетін жәрдемақымен – 243,4 мың адам 65,2 млрд теңгеге қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айтты.

Қазан айында аталған жәрдемақыларды жалпы 835,2 мың отбасы алды. Төлемдердің жиынтық көлемі 52 млрд теңгені құрады. Оның ішінде:
– көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақымен 590 мың отбасы 45,4 млрд теңгеге қамтылды;
– наградталған аналарға төленетін жәрдемақымен 245,1 мың адам 6,6 млрд теңге мөлшерінде қамтамасыз етілді.

Көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан ала алады.

Төлем көлемі бала санына қарай белгіленеді. 2025 жылы оның мөлшері төмендегідей болды:

  • 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;

  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;

  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;

  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;

  • 8 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге көлемінде төленді.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, сондай-ақ бұрын «Батыр ана» атағын алған және І, ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға тағайындалады.

Мұндай жәрдемақының ай сайынғы мөлшері:
– «Күміс алқа» иелеріне – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
– «Алтын алқа», «Батыр ана» атағы бар және «Ана даңқы» ордендерінің І, ІІ дәрежелерімен марапатталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Б
Бабылышова Марал 24.11.2025
До родовойға шыға алмай жатырмыз мүлдем, ананы әкел мынаны әкел деп. Бес жылдан бері жұмыс жасап келеміз. Ешқандай сұрақсыз шығаруға болады ғо. Ип емеспін. Педогокпын садикте бүгін ертең туайын деп отырмын әлі тағайындалмады бүкіл жоспарым бүлінді өзім стресске түстім!денсаулығымда ақаулар пайда болды соңғы айымда
Жауап беру
Д
Диляра 24.11.2025
Қанша берседе бергеніне шүкір!
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл