Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жетісу облысында алғаш рет жастардың өмір салты, құндылықтары мен әлеуметтік көңіл-күйін жан-жақты талдауға бағытталған кең көлемді зерттеу басталды. Оның нәтижесінде "Жетісу жастары" атты талдамалық баяндама әзірленіп, мемлекеттік органдар мен оқу орындарына ұсынылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Жастар ел өміріне белсенді араласып, азаматтық қоғамның дамуына және елімізді табысты жаңғыртуға септігін тигізуде және олар өз ұстанымына берік болып, түрлі идеялар ұсынып, оларды іске асыруға атсалысқаны жөн" деген болатын.
Осы тұста, Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранттық жобасы аясында "Жоғары жастар кеңесі" қоғамдық бірлестігі облыс жастары арасында тұңғыш рет кең ауқымды әлеуметтік зерттеу бастайды.
Зерттеудің басты мақсаты – өңір жастарының өмір салты, құндылықтары, кәсіби және азаматтық жоспарлары, әлеуметтік көңіл-күйі мен негізгі қажеттіліктерін жан-жақты талдау.
Жоба аясында арнайы жасақталған әлеуметтанушылар тобы жастармен жаппай сауалнама, фокус топтық талқылаулар, сараптамалық сұхбаттар жүргізуді бастады.2025 жылғы 19 қыркүйек күні жоба аясында брифинг өтіп, алғашқы ақпараттар ұсынылды.Брифингте жоба мен зерттеудің мақсаты мен кезеңдері таныстырылды. Жастардың әлеуметтік дамуына қатысты алғашқы деректер мен сараптамалық пікірлер ұсынылады.
Жоба координаторы Жақсыбай Жұлдыз Әбілсейітқызы жастарды жоба барысында бірлесе жұмыс жасауға шақыра отырып, жобаның маңыздылығына тоқталды.
- Аймақтағы жастардың өмір салты, құндылықтары, кәсіби және азаматтық бағдарлары, әлеуметтік көңіл-күйі мен негізгі қажеттіліктеріне жан-жақты зерттеу жүргізіледі. Бұл мәліметтер өңірлік жастар саясатын жетілдіруге және жаңа бастамаларды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді, - деді Жұлдыз Әбілсейітқызы.
Жоба әлеуметтанушылар тобының өкілі Өтеғали Дулат Болатұлы жастардың қоғамдағы рөлі мен әлеуетін кешенді зерттеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.
- Жастар қоғамның дамушы ядросы. Жастардың мүмкіндіктері оның ішінде еңбек нарығында, білім алуы, әулеуметтік және экономикалық жағдайын кешенді зеттеу үшін әлеуметтанулық әдістерді оның ішінде сандық және сапалық әдістерді қолданып зеттеуді жүргізудеміз, - деді ол.
Жоба қорытындысы бойынша "Жетісу Жастары" аналитикалық баяндама нәтижелерімемлекеттік органдарға, үкіметтік емес ұйымдар мен жоғары оқу орындарына жолданады.