| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Азық-түлік бағасы өскен шақта, мектеп тамағына жұмсалатын қаржы сол қалыпта қалды. Депутат Смолякова Үкіметке жүгініп, оқушылардың тамақтануын қайта қарауды сұрады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжілісте өткен жалпы отырыста депутат Екатерина Смолякова мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуы мемлекет тарапынан жеткілікті қолдау таппай отырғанын ашық айтты. Оның сөзінше, асханаларды қамтамасыз ететін кәсіпкерлер соңғы уақытта жағдайдың қиындағанын жиі айтуда.
Депутат атап өтті: келесі жылдан бастап балаларға қойылатын тағам сапасына жаңа талаптар күшіне енеді. Ал сол талаптарды орындауға бөлінетін қаражат өзгермеген.
Смолякованың айтуынша, бұл екі түрлі талапты қатар алып жүру мүмкін емес. Балаларға дәрумені мол, сапалы ас керек, ал бөлінетін ақша — ескі деңгейде.
- Ет, сүт, көкөніс нормасы көбейді — бұл дұрыс. Бірақ сол өнімдерді сатып алуға қаржы жоқ. Неге үнем әрқашан балалардың тамағынан басталады?— деп сын айтты депутат.
Қымбатшылық кезінде сапалы азық алуға мүмкіндік болмағандықтан, кәсіпкерлер не шығынға батуға, не арзан әрі күдігі көп өнімге жүгінуге мәжбүр болады. Бұл — миллиондаған оқушының денсаулығына тікелей қауіп.
Смолякова Үкіметке бірнеше нақты ұсыныс жолдады:
- Қаржыландыру мөлшерін қайта есептеп, 2026 жылдан бастап өсіру;
- Қаражаты аз өңірлерге қосымша қолдау беру;
- Тамақ құнын есептеудің бірдей әдісін жасау;
- Жеткізілетін өнім сапасын қатаң бақылауға алу;
Депутат мектептегі тамақтануды жай міндетті қызмет емес, ел болашағына салынған инвестиция деп бағалады.