| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық тасымалдаушы жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2026 жылғы 25-30 маусым аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы – Достық бағыты бойынша қатынайтын №207/208 және №211/212 Тальго пойыздарының «Турист» санатындағы вагондарына жол жүру билеттерін 20% жеңілдікпен ұсынады.
Жеңілдік төменгі және жоғарғы орындардың барлығына қолданылады.
Аталған бағыт Жетісу өңірінің көрікті аймақтары арқылы өтеді және жаз мезгілінде Алакөл жағалауына демалуға баратын жолаушылар арасында сұранысқа ие бағыттардың бірі.
Жеңілдікпен билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан, сондай-ақ, мобильді билет сату сервистері арқылы алуға болады.
Қосымша ақпаратты жолаушылар 1433 тегін байланыс нөмірі арқылы ала алады.