| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мерекеге орай Қазақстанның бірқатар өңірінде зейнет жасындағы және егде тұрғындарға жергілікті бюджет есебінен біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланған. Алайда төлемнің мөлшері мен оны алушылардың санаты барлық өңірде бірдей емес, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәселен, Астана қаласында жасына байланысты зейнетке шыққан тұрғындарға біржолғы 2,5 АЕК, яғни 10 812 теңге көлемінде төлем беріледі. Бұл көмек елордадағы 110 мыңнан астам адамды қамтиды.
Қарағанды облысында 75 жасқа толған және одан асқан тұрғындарға төлем қарастырылған. Мұнда 43 405 адамға 21 625 теңгеден беру жоспарланып отыр. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 938,6 млн теңге бөлінген.
Ал Түркістан облысында әлеуметтік қолдау жалғызілікті қарттарға бағытталған. Өңірде 1 253 адамға 5 АЕК мөлшерінде, яғни 21 625 теңге төлеу көзделген.
Кейбір өңірде мұндай ақшалай төлем қарастырылмаған. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Атырау, Жетісу, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Алматы, Қостанай және Қызылорда қалаларында мерекеге байланысты біржолғы төлем төлеу жоспарланбаған.
Осылайша, мерекелік төлемнің бар-жоғы мен көлемі тұрғынның тұратын өңіріне, жасына және әлеуметтік санатына байланысты. Сондықтан нақты ақпаратты тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік қорғау органдарынан немесе әкімдік қызметтерінен анықтаған жөн.