| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау кезінде отбасының әлеуметтік жағдайы мен нақты мұқтаждығы ескеріле бастайды. Өзгерістер әл-ауқаты жоғары және ауқатты отбасыларға қатысты, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау тәсіліне өзгерістер енгізілмек. Енді бірқатар әлеуметтік төлемді беру кезінде азаматтың өтінішімен қатар отбасының нақты материалдық жағдайы да ескеріледі.
Қазір елімізде мемлекеттік жәрдемақының 39 түрі бар. Жаңа тәсіл бойынша оның 14 түрін тағайындауда отбасының мұқтаждық деңгейі назарға алынады.
Бұл өзгеріс Отбасының цифрлық картасы бойынша әл-ауқаты «А» және «В» санаттарына жататын, яғни әл-ауқаты жоғары және ауқатты отбасыларға қатысты.
Мұндай тәртіп мынадай төлемдерді қамтиды:
Алайда бұл аталған төлемдердің барлығы автоматты түрде тоқтатылады дегенді білдірмейді. Нақты шешім отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты қабылданады.
Сонымен қатар бір азамат бір жәрдемақыны алып жүріп, басқа әлеуметтік төлемге өтініш берген жағдайда, белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, жаңа жәрдемақы тағайындалмауы мүмкін.