Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы: құжат қабылдау наурыз айына жоспарланып отыр
Жаңалықтар

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы: құжат қабылдау наурыз айына жоспарланып отыр

04.02.2026
мин
2
293
Сурет: krisha.kz

Алматыда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының келесі кезеңі жақындауы мүмкін. «Отбасы банк» өкілдерінің мәліметінше, «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау наурыз айында басталуы ықтимал, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына қатысты жаңа ақпарат жарияланды. «Отбасы банк» өкілдері құжат қабылдау мерзімі наурыз айына жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Дегенмен, ипотеканың нақты іске қосылатын күні қосымша хабарланатыны айтылды.

Бағдарлама Алматы қаласында тұратын 18 бен 35 жас аралығындағы жастарға бағытталған. 2025 жылы бұл жоба арқылы 2 мыңнан астам алматылық баспана сатып алса, бағдарлама іске қосылғалы бері тұрғын үймен қамтылғандардың саны 8 мыңнан асты.

Сондай-ақ биылдан бастап бағдарламаның қаржыландыру шарттарына өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, берілетін несиенің ең жоғары сомасы 18 миллион теңгеден 20 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
А
Айгерим 04.02.2026
Ол үшін прописка Алматыда болуы керек па
Жауап беру
А
Акмарал 04.02.2026
Ия
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл