Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда соңғы жеті күнде коронавирус жұқтырғандар саны артқан. Бұл туралы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Эпидемиологтың айтуынша, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылыққа эпидемиологиялық қадағалау жүргізіліп жатыр, бұл СOVID-те зертханалық зерттеулерді де қарастырады.
"Коронавирусты ерте анықтау жұмысы әлсіреген жоқ, барлық жер қадағаланып жатыр. Қаңтардың басынан бастап Алматыда тұрғындар арасында коронавирус ауруының 302 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Соңғы жеті күнде - 9 жағдай, бұл өткен аптада анықталған жағдайлардың санынан екі есе көп", - деді Қалықова.
Ол қазір қалада коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина жоқ екенін атап өтті.
"Денсаулық сақтау министрлігі республиканы вакцинамен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр", - деді эпидемиолог.