Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыда өрт болған хостелден 13 адамның денесі табылды
Жаңалықтар

Алматыда өрт болған хостелден 13 адамның денесі табылды

30.11.2023
1 мин
0
804
Фото: Алматы қалалық ТЖД

Бүгін таңертең Алматыдағы хостелдердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 13 адамның мәйітін тапты. Қазір олардың өлімінің себебі анықталып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz, қалалық ТЖД-ға сілтеме жасай отырып. 

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, хостелдегі өрт туралы хабарлама таңғы 05:33-те келіп түскен. Өрт сөндірушілердің алғашқы құрамы оқиға орнына 7 минут ішінде жетті.

Белгілі болғандай, өрт үш қабатты ғимараттың жертөлесінен шығып, бірінші қабатты да шарпыған.

Алдын ала есептеулер бойынша өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрайды. Сағат 06:22-де өрт толығымен сөндірілді. 

"Барлау және өртті сөндіру барысында 13 адамның мәйіті табылды. Қазір олардың кім екені анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша олар көміртегі тотығымен улану салдарынан қаза тапқан", - делінген департаменттің хабарламасында. 

Өрт кезінде хостелде барлығы 72 адам болған, олардың 59-ын эвакуациялап үлгерген. Өртті ауыздықтауға 46 адам мен 13 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды. 

"Өрт пен өлімнің себебі анықталуда. Соған сәйкес, ақпарат тағы да толықтырылатын болады", - деді ТЖД өкілдері.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл