Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақмола: 8 сынып оқушылары қол генераторын құрастырды
Жаңалықтар

Ақмола: 8 сынып оқушылары қол генераторын құрастырды

26.05.2023
1 мин
0
342

Ақмола облысы Бұланды ауданының №2 Никольское жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушылары Асанәлі Әшімов пен Максим Журавлев қол генераторын құрастырып шығарды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

ҚазАқпарат мәліметінше, оқушылардың сөзінше, далаға, табиғат аясына шыққанда телефонды немесе басқа да құрылғыны электр желілері болмаған жағдайда зарядтауға болады.

«Информатика пәнінің мұғалімі Артем Цимбалдың жетекшілігімен біз механикалық тұтқаны пайдаланып, кез келген ұсақ құрылғыны зарядтауға мүмкіндік беретін қол генераторын жасап, құрастырдық. Бұл құрылғының тасымалдануын ескере отырып, оны алыс қашықтыққа оңай тасымалдауға болады және шұғыл немесе төтенше жағдайларда байланыссыз қалатынынан қорықпайсыз», - деп бөлісті оқушылар.

Сонымен бірге, аталмыш оқушылар Бішкек қаласында өткен «Біз ХХ ғасырдың зиялыларымыз» халықаралық байқауына қатысты. Бұл байқауға Қырғызстан, Ресей және Қазақстаннан барған оқушылардың 200-ге жуық жұмыстары ұсынылды.

Байқауда Журавлев Максим мен Әшімов Асаналидің «Қол генераторы» жобасы «Жаңа теориялық әзірлемелер мен модельдер» аталымында жүлделі үшінші орынға ие болды.

Фото: ғаламтордан

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл