454.14
509.23
5.41
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Арнайы білім беру саласының үздік педагогтері анықталды
Жаңалықтар

Арнайы білім беру саласының үздік педагогтері анықталды

15.10.2026
мин
0
93
Сурет: ЖИ

Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен «Үздік педагог» республикалық конкурсының қорытындысы жарияланды. Байқаудың финалдық кезеңіне еліміздің 20 өңірінен 64 педагог қатысып, кәсіби тәжірибелері мен үздік педагогикалық әдістемелерін ұсынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Байқауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ ұйымдастырды. Оның негізгі мақсаты – арнайы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық тәжірибелерді тарату және заманауи әдістемелер мен инновациялық құралдарды білім беру үдерісінде тиімді қолдануға қолдау көрсету.

Байқау қорытындысы бойынша арнайы мектептер, арнайы балабақшалар, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК), оңалту орталықтары және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері бағыттары бойынша үздік педагогтер анықталды.

Байқау жеңімпаздары

«Арнайы мектептің үздік педагогі (мұғалімі)» номинациясы:

І орын – Щербакова Ольга Сергеевна (Қостанай облысы);

ІІ орын – Дмитриева-Лепешева Ольга Геннадьевна (Ақмола облысы);

ІІІ орын – Куанбекова Макпал Идрисовна (Ақмола облысы).

«Арнайы мектептің үздік педагогі (тәрбиешісі)» номинациясы:

І орын – Кейм Елена Александровна (Қарағанды облысы);

ІІ орын – Рахимжанова Людмила Геннадиевна (Ақмола облысы);

ІІІ орын – Тоғызбаева Рабат Қайырбекқызы (Қызылорда облысы).

«Арнайы мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үздік педагогі» номинациясы:

І орын – Рүстемқызы Аяулым (Маңғыстау облысы);

ІІ орын – Приходько Марина (Ақмола облысы);

ІІІ орын – Ахметова Гульнара Саимбековна (Шығыс Қазақстан облысы).

«Арнайы балабақшаның үздік педагогі» номинациясы:

І орын – Төлепбергенова Гулим Алибековна (Ақтөбе облысы);

ІІ орын – Тургинбаева Дария Бақытқызы (Шымкент қаласы);

ІІІ орын – Гладилова Дарья Павловна (Қарағанды облысы, Теміртау қаласы).

«Арнайы балабақшаның үздік тәрбиешісі» номинациясы:

І орын – Калыбекова Гульжанар Туретаевна (Шымкент қаласы);

ІІ орын – Ханбекова Галина Александровна (Қарағанды облысы, Теміртау қаласы).

«Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік педагогі» номинациясы:

І орын – Сейдазимова Ляззат (Жамбыл облысы);

ІІ орын – Середа Алена (Солтүстік Қазақстан облысы);

ІІІ орын – Толебаева Римма (Жетісу облысы).

«Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, аутизмі бар балаларды қолдау орталығының үздік педагогі» номинациясы:

І орын – Ибадуллаева Жайсан Медетовна (Ақтөбе облысы);

ІІ орын – Артюшина Ирина Анатольевна (Қостанай облысы);

ІІІ орын – Абильдаева Гульназ Алиевна (Қызылорда облысы).

Байқау арнайы білім беру саласындағы үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтауға, кәсіби өзара ынтымақтастықты нығайтуға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен қолдаудың тиімді тәсілдерін таратуға мүмкіндік берді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл