Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әскерге бармау қылмыс па?
Жаңалықтар

Әскерге бармау қылмыс па?

21.10.2022
2 мин
3
1983

Әскерге шақыру пунктеріне уақтылы бармай немесе тіркеу талаптарын бұзғаны үшін айыппұл арқалаған жастар әскерден босатыла ма? Бұл сұраққа Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Ғани Артықов жауап берді.


«Егер айыппұл төлеген болса немесе бұдан басқа да ҚР Қылмыстық Кодексінің талаптарына сай оларға шара қолданылған жағдайда, бұл оларды әскери қызметтен босатпайды. Керісінше олардың жауапкершілігін арттыра түседі. Халық арасында «әскерге бармай, қашып жүр» деген сөз көп болғанымен, біз бұл мәселені дұрыс түсінуіміз керек. Қазір жастар әскер құрамында 1 жыл ғана қызмет атқарады. Сол уақытта әскери өнерді, білімді, ғылымды үйреніп, өз бойларына сіңіріп, шамалары келгенше қамтуы тиіс», - деп жауап берді Ғани Артықов тілші сауалына орай.


Министрлік өкілінің дерегінше, әскерге бармай жүргендердің көбі – денсаулық жағдайы бойынша жарамсыздар. Сондықтан, ведомство мұндай санатқа кіретін әскерге шақырылушыларды іздеп жүрген жоқ.


«Біз 17 жастан бастап оларды әскерге шақыру комиссиясынан өткізіп, денсаулық жағдайы қаншалықты екенін алдын ала анықтап қоямыз. Кейінгі әскерге шақырту кездерінде сол қаншалықты өзгерді, соны ғана тексеріп отырамыз. Сондықтан, бізде «әскерге баратын жастардың саны жетпейді және олар жаппай қашып жүр екен» деген теріс ұғым туындамауы тиіс», - деді Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Г
Гүлзира 05.10.2023
Менің бір түйір балам бар мен армияға жібермим қызымда жоқ себебі менің денсаулығым жоқ армияның қорлық көрсететін болған соң жібермим
Жауап беру
К
Косемка 07.08.2023
Сол ғо сол,өз былықтарын жасырып отырат,содан қррқасың ғо просто,а так с удовольствием жиберуші ек
Жауап беру
Қ
Қаракөз 22.10.2022
Әскердің жағдайын, дедовщинаны, ұрып-соғу, әлімжеттікті реттесін бірінші. Қаншама ана боталап табытын құшақтап қалып жатыр. Қаншама сап сау азаматтарымыз ауру болып келіп жатыр. Әскерге емес, өлімге өз қолымен аналар өз балапандарын жіберіп жатыр. Осының бәрін көріп біліп отырып, қай жігіт, қай адам әскер туралы жақсы деп айта алады.Ана сезіміммен айтсам, мен ұлдарымды әскерге жіберуге қорқамын.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл