Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы
Баспанаға бағыт

«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы

13.05.2024
1 мин
0
1793
Фото: ortcom.kz

«Наурыз» бағдарламасы бойынша өтінімдер жұмыс күндері сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қабылданады. 10 мамырдағы жағдай бойынша қазақстандықтар барлығы 17 432 өтінім жолдады. Оның ішінде 8 945 өтінім сәтті қабылданды, олардың жартысы 3955 өтінім тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен түскен. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова ОКҚ алаңында хабарлады. 

Оның айтуынша әлеуметтік осал топтарға көпбалалы отбасылар, жетім балалар, тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар жатады. Бұл өтінімдердің 57%-ын әйелдер жолдаған. Өтініш берушілердің 62%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Ең жас өтініш беруші Түркістан облысында тұрады. Ол – 18 жастағы тұрғын.

Алматы, Астана және Шымкент қалаларымен қатар тұрғын үй сатып алу үшін ең көп өтінім берген өңірлер тізімінде Ақтөбе мен Алматы облыстары да бар. 2 436 өтінім қабылданбай, кері қайтарылды. Негізгі себеп – клиенттердің депозиттерінде 1 млн теңге мөлшеріндегі қажетті сома жоқ болып шыққан. Бұл «Наурыз» бағдарламасына қатысудың негізгі шарттарының бірі. Сондай-ақ, тұрғын үйі бар адамдардың да өтінімдері қабылданбады. Сондықтан тұрғын үйі бар адамдардың да өтінімдері қабылданған жоқ. Бұл жайлы «Отбасы банк» АҚ атқарушы директоры-өкілдік директоры Жансұлтан Матай ОКҚ алаңында айтты.

Оның хабарлауынша, тағы 5 008 өтінім жолдану процесінде. Яғни, мемлекеттік дерекқорлармен сәйкестендіру жүргізілуде және жүйе өтінімдерге ЭЦҚ көмегімен үміткерлердің қол қоюын күтуде. 2008 өтінім қолмен тексерілді. «Баспана маркет» платформасы сағатына 400 өтінім қабылдай алады. Өтінім беруге 2 ай мерзім берілген. Қабылдау маусым айының соңына дейін жалғасады. Нәтижелер барлық өтінім қабылданғаннан кейін шығарылады. 

«Өтінімдер бойынша ұпайлар берілетіні белгілі. Көп ұпай жинаған кісілер тізімге енеді. Салым бойынша сыйақы мөлшерінің әрбір 1000 теңгесі үшін 1 ұпай беріледі. Некенің болуы – 5 ұпай, балалардың болуы – 10 ұпай. Бұл жерде балалардың санына назар аударылмайды. Халықтың осал топтары болса, кезекте тұрған болса, оларға 10 ұпай беріледі. 35 жасқа дейінгі жастарға 5 ұпай беріледі. Егер қатысушылардың ұпай саны сәйкес келіп қалса, онда тізімге енгізу кезінде басымдық салым сомасы кімде көп және кімнің жинақтау мерзімі ұзақтау болса, соларға басымдық беріледі. Саралаудан кейін банк клиенттерге бағдарлама бойынша өтпеген азаматтардың тізімін жариялайды», – деді спикер. 

Оң нәтиже алған өтінім берушілерге баспана іздеуге 6 ай уақыт беріледі. Алғашқы жарна – 20%. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме – 7%, азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме – 9%. Несиелендіру мерзімі – 19 ай. Алғашқы нарықтан тұрғын үй, оның ішінде елімізде кепілдендірілген үлестік шарттар жасасуға құқылы компаниялар мен сақтандыру құралдары бойынша үйлер ала алады. Моноқалалар мен ауылдарда екінші нарықтағы тұрғын үй алуға мүмкіндік бар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл