Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада ЭКО процедураларына демеушілік жасайтын қордың таныстырылымы өтті
Жаңалықтар

Астанада ЭКО процедураларына демеушілік жасайтын қордың таныстырылымы өтті

09.06.2023
1 мин
0
825

8 маусымда Астана қаласында тестілеу нәтижелері экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) әдісімен бала тууға арналған «Аңсаған сәби» мемлекеттік квотасына сәйкес келмейтін отбасыларға көмек көрсететін Mariyam қайырымдылық қорының салтанатты таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Mariyam қоры белгілі тележүргізуші, журналист, Астана қаласы мәслихатының депутаты – Ләйлә Сұлтанқызының бастамасымен құрылған.

Л.Сұлтанқызы жиналғандарды құттықтап, еліміздегі бедеулікпен күрес тақырыбының маңыздылығына тоқталды:

«Ата-ана атанғысы келетін мыңдаған адамның хатын оқып отырып, олардың бастан кешіріп жатқан қиындықтарына бейжай қарай алмайсын. Бұл бала үшін күрес, үрей, қорқыныш отбасында болып жатқан сан түрлі жағдай. Дегенмен махаббат, күрес, шыдамдылық, үміт ақыры діттеген мақсатқа жеткізері хақ. Әсіресе әйелін қолдаған, қорғаған ер азаматтардың рөлі ерекше. Былтырғы пациенттеріміздің барлығы ата-ана атанды. Бір ғана келіншектің қалжа тойын күтудеміз. Биылғы жылдың соңына дейін Mariyam қоры арқылы 20 жуық отбасыға көмектесу ойда бар».

Іс-шараға Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, қазақстандық қоғам қайраткерлері, дәрігерлер, журналисте және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. 

Тұсаукесер «Jibek Joly» арнасының қолдауымен өтті.

Қор аясында «Jibek Joly» арнасына «Ана болғым келеді...» телевизиялық жобасы эфирге шығып, 6 пациент қордың жеке бақылауында сәбилі болу бақытын күтіп жүр.

Сонымен қатар Mariyam қайырымдылық қорының салтанатты таныстырылымына орай ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев құттықтау хатын жолдады: 

«Мұндай жобалар елімізде халық санының артуына да өз септігін тигізеді. Алдағы уақытта Қор белсенді азаматтар тарапынан қолдау тауып, көптеген сәбидің өмірге келуіне себепші болады деп сенемін. Жаңа бастама жақсы амалдармен жалғасып, әр ата-анаға бала сүю бақытын бұйырсын! Қазақстан халқы көбейе берсін!». 

Республикалық электронды денсаулық орталығының мәліметінше, «Д» есебінде «Бедеулік» диагнозымен 26 мыңнан астам әйел мен 4 мыңнан астам ер адам бар.

Мемлекет бұл мәселемен белсенді түрде айналысуда, бірақ барлық әйелдер бөлінген квота аясында көмек ала алмайды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник «Аңсаған сәби» бағдарламасына тоқталды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылдан бастап экстракорпоралды ұрықтандыруға (ЭКҰ) квота саны 7 есеге ұлғайды. Екі жылда 14 000 әйелге ЭКО қызметі көрсетілді. Бағдарлама нәтижесінде 6200-ден астам әйел жүкті болып, 3500-ден астам отбасында 4000-нан астам көптен күткен сәби дүниеге келді. Оның ішінде 1900-ден астам қыз, 2100-ден астам ұл, 598 егіз дүниеге келді, қазіргі таңда 3000-ға жуық жүкті әйел көптен күткен сәбилерінің дүниеге келуін күтіп отыр», - министр.

Дегенмен, барлық ата-ана бұл бағдарламаға сәйкес келе бермейді. Алайда, бұл жағдайда оларға Mariyam қоры қолдау көрсете алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл