456.88
534.64
5.47
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сайлау қарсаңында 21 заңбұзушылық анықталды: БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасалды
Жаңалықтар

Сайлау қарсаңында 21 заңбұзушылық анықталды: БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасалды

21.08.2026
мин
0
55
Сурет: Abai.kz

Қазақстандағы сайлау науқаны басталғалы ақпарат кеңістігінде сайлау заңнамасын бұзудың 21 фактісі тіркелген. Оның ішінде заң тыйым салған уақытта сауалнама нәтижесін жариялау және сайлау материалдарын талапқа сай белгілемеу жағдайлары бар, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда сайлау науқанының ақпараттық кеңістіктегі өту барысы бақылауға алынған. Мәдениет және ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн платформаларға тұрақты мониторинг жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтаған.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов мәлімдеді.

Оның айтуынша, науқан басталғалы 21 заңбұзушылық фактісі тіркелген. Анықталған жағдайлардың бір бөлігі қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнамаларға қатысты.

Атап айтқанда, заң бойынша жариялауға болмайтын кезеңде сауалнама нәтижелері бар материалдар ақпарат құралдары мен онлайн ресурстарда жарияланған.

Қалған жағдайлар сайлау материалдарын дұрыс таңбаламауға және белгіленген талаптарды сақтамай контент орналастыруға байланысты болған.

Науқан кезінде қанша материал жарияланды?

Сайлауалды үгіт кезеңінде саяси партиялардың сайлау штабтарының қызметіне қатысты ақпарат құралдары мен интернетте 7 мыңнан астам материал жарық көрген.

Олардың шамамен:

  • 3 мыңы – телеарналарда;
  • 500-ден астамы – баспа басылымдарында;
  • 4,5 мыңы – интернет-ресурстарда жарияланған.

Министрлік бұл ретте саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарында өз қызметін таныстыруына тең мүмкіндік берілуін қамтамасыз ету бағытында да жұмыс жүргізіп отыр.

Сонымен қатар азаматтарға сайлау құқықтарын түсіндіру және олардың дауыс беруге қатысу белсенділігін арттыру бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізілген.

Енді «тыныштық күні» басталады

Сайлауға аз уақыт қалғандықтан, ақпарат кеңістігіне қойылатын талаптар да күшейеді.

Қанат Ысқақов алда тыныштық күні мен дауыс беру күні тұрғанын атап өтті. Осы кезеңде үгіт жүргізуге тыйым салынады. Сондықтан БАҚ өкілдерімен қатар әлеуметтік желіде контент жариялайтын азаматтар да сайлау заңнамасының талаптарын ескеруі керек.

Анықталған 21 заңбұзушылық бойынша материалдар Бас прокуратураға жолданған. Енді әр жағдайға құқықтық баға беріледі.

Бұдан бөлек, Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру күні тағы бір маңызды талапты еске салды: толтырылған бюллетеньді фотоға түсіруге болмайды.

Яғни сайлау күні тек үгіт материалдарын таратуға емес, дауыс беру құпиясына қатысты талаптарды сақтауға да ерекше мән берілмек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл