| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елорда тұрғыны Instagram мен WhatsApp арқылы жылқының сүр етін арзан бағамен сататынын айтып, азаматтардан алдын ала ақша алған. Нәтижесінде 31 адам 1,7 млн теңгеден астам қаражатынан айырылған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астанада сүрленген ет сатуды сылтау етіп, азаматтарды алдаған кәсіпкер сотталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Тергеу материалдарына сәйкес, кәсіпкер әлеуметтік желілер мен мессенджер арқылы жылқының сүр етін нарықтан төмен бағамен ұсынған. Тауарға қызыққан клиенттерден алдын ала төлем алып отырған.
Алаяқтық схемасын сенімді көрсету үшін ол бұған дейін орындалған тапсырыстарды және клиенттердің оң пікірлерін пайдаланған. Алайда ақша түскеннен кейін тапсырыстарды орындамай, қаражатты өзінің жеке қажетіне жұмсаған.
Оның әрекетінен барлығы 31 адам зардап шеккен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 1,7 млн теңгеден асты.
Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы кәсіпкердің кінәсін дәлелдеді. Сот залалдың өтелгенін ескеріп, оған 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар пробациялық бақылау белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.