Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Аутизм себептері мен алдын алу жолдары қандай?
Маман пікірі

Аутизм себептері мен алдын алу жолдары қандай?

11.04.2023
5 мин
4
3310

Қазақстанда аутизм спектрінің бұзылуынан зардап шегетін балалар саны өсті. Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының оңалту бөлімі мамандарының мәліметіне сүйенсек, 12000-нан аса бала аутизм бойынша ресми тіркелген. Аутизм және баланың психикалық дамуының тежелуі себептері мен алдын алу жолдарын анықтау үшін Атырау қалалық «Logoland» түзете дамыту орталығының басшысы, дефектолог Фаризат Берекетова есімді маманның пікіріне жүгіндік. 

  1. Аутизммен ауратын балаларды қалай ерте жасынан анықтауға болады?

Балаларда аутизмнің белгілері ерте жастан, шамамен 4 айлық кезінен бастап байқалуы мүмкін. 

Белгілері қандай?

  • айналасына қызығушылығы болмайды
  • атымен шақырса, бұрылып қарамайды
  • анасының даусына, сылдыр дыбыстарға назар аудармайды
  • басқа адамдардың эмоциялық күйіне ешқандай реакция болмайды

 Осы уақыттарда ата-ана тарапынан көбірек көңіл бөлінуі тиіс.

Аутизм кейде кеш, яғни жүре бара, жастан асқан кезде де байқалуы мүмкін. Бір жасқа дейін қалыпты дамып, кейін 1-1,5 жастан бастап, жоғарыдағы белгілер пайда болуы мүмкін. Баланың жетілу процессінде былдырлап сөйлеуі, еңбектеуі немесе жүруі кешеуілдесе, ол баланың психикалық дамуының тежелуіне әкеле жатқанын білуге болады.

  1. Аутизм генетикалық па әлде, сыртқы фактордың әсері ме? 

Ауру генетикалық жолмен де, сыртқы факторлардың әсерінен де тууы мүмкін. Алайда, аутизм көбіне генетикалық жолмен және қате мутация кезінде беріледі. Ал эндогенді және экзогенді процесстер кезінде баланың психикасының тежелуіне әкеліп соғады (ЗПР). Натальді және перинатальді, яғни басануға дейінгі және босану уақытында болатын жарақаттардың кесірінен бас миына келген зақымдар, босану кезіндегі қиыншылықтар, вакуумды пайдалану, бала басының қысылып қалған жағдайларда психикалық тежелуге әкеледі. 

Эндогенді және экзогенді факторларға не жатады?

  • Экзогенді (сыртқы) – жүкті кезінде анасының стрессте жүруі, салауатты өмір салтын сақтанбауы, жеген тағамдарының құнарсыз немесе зиянды болуы, химикаттарды жиі пайдалануы, экологияның әсері
  • Эндогенді (ішкі) – бүйрек, жүрек, эндокриндік аурулар, грипп, вирус, қызылша болған кезде плацентаның дамуына кері әсерін тигізіп, бала миының қызметін нашарлатады.
  1. Аутизм мен психикалық даму тежелуінің (ЗПР) айырмашылығы?

Аутизм – туа бітті синдром. Аутизммен ауратын балаларға әрдайым көмек керек, оларды үнемі сүйемелдеп жүру қажет болады. Оларды ерекше туылған балалар деп айтуымызға болады. 

  • Аутизмнің де түрі бар: сыртқы ортамен қарым-қатынас жасайтыны, жасамайтыны, көзге тік қарайтыны, қарамайтыны, кейбір балаларда интеллект сақталады, кейбіреуінде интеллект сақталмайды. Жоғарыфунционалды балалар жаңа дүниелерді, дағдыларды үйренуге биім болып келеді. Енді бірінде бұндай қасиеттер болмауы мүмкін. Осы жағдайда әр баламен әртүрлі қарқында, бөлек-бөлек жұмыс жасау керек. 
  • Аутизм кезінде сырт көзге көрініп тұратын белгілері болады. Қол-аяқтарын қозғалту кезінде, бір заттарға деген тым жоғары қызғушылық. Мысалы, дөңгелек заттар немесе нақты бір түске, немесе бір ғана ойыншығын тастамай сонымен ғана ойнау сияқты белгілері көрінеді. 

Психика дамуының тежелуі кезінде жоғарыда аталған белгілер байқалмайды. 

  1. Аутизм мен ПДТ (ЗПР) алдын алу жолдары
  • Гаджеттерді ұзақ қаратпау, сыртқы ортамен байланысын үнемі қамтамасыз етіп отыру.
  • Балаларды ерте жастан бастап дамыту жұмысымен айналысу. Олармен диалог жүргізу.
  • Айлық балалардың саусақ ұштарына массаж жасау арқылы ұсақ моторикасын дамыту. Ұсақ моторикасын дамыту баланың сөйлеу тілін жақсартады. Саусақ ұштарындағы нүктелер тікелей мидағы сөйлеуге жауап беретін талшықтарға әсер етеді. 
  • Физикалық тұрғыдан дамыту. Оған мысалы, балалардың өз-өзіне қызмет көрсетуін қадағалау, яғни бауларын байлау, түймелерін салу, қасықты өзі ұстап жеу деген сияқты әрекеттерді бала өзі жасауға баулу керек. 
  • Рационға пайдалы, жеміс-жидекті тамақтар қосу, дәрумендерін уақытылы беріп отыру, невропатолог, дефектолог, логопед, нейропсихолог және психологтармен тығыз жұмыс жасау.

фото: letidor.ru

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
4 Пікір
А
Айнур 12.04.2023
Менің қызым зпр .ерте бастан дәрігерге жүгінді ешкім нақты диагноз қоймайды сонымен уақыт өткізіп алды.егіз болған соң біреуі кештеу жетіледі деп сол барлық дәрігерлер бір дәріні бере берді.содан 8 жасында Ташкентке бір невропотологты естып алып бардық и диагноз қойды умственно отсталость лёгкой поведения, ми жетілмей жатыр деді и қазыр 2 курс лечениесі бітті .результат бар Аллаға шукір Қазақстанның тукпір тукпіріне келеді екен енді адам өте көп основной лечение алып жатқандар Қазақстандікілер.осыған қатты мән беру керек өте көп қазыр осындай балалар .
Жауап беру
С
Сара 03.08.2023
Саламатсыздар ба?Ташкент те кім деген врач?
Жауап беру
А
Айсұлтан 12.04.2023
Салем Ем қабыл болсын ташкенттегі дәрігердің координатын бересіз бе?
Жауап беру
М
Медет 12.04.2023
Саламатсыз ба Ташкент те Ким деген врач данные бар ма или страничкасы инстпграмда Рахмет
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл