481.54
553.24
5.93
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Коммуналдық төлемдер қымбаттаса, айырмашылықты мемлекет өтейді
Жаңалықтар

Коммуналдық төлемдер қымбаттаса, айырмашылықты мемлекет өтейді

30.03.2026
мин
3
313
Сурет: Alatau zhuldyzy

Сәуір айынан бастап коммуналдық тарифтердің айтарлықтай өсуі күтілмейді. Ал төлемдер артқан жағдайда айырмашылық мемлекет есебінен өтеледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, сәуір айынан бастап тұрғындар үшін коммуналдық қызмет тарифтері күрт өзгермейді. Сарапшылар ұсынған 15 пайыздық өсімге қарамастан, қолданыстағы құжаттарға сәйкес баға іс жүзінде тұрақты деңгейде сақталады.

Ведомство өкілі Нұрлан Болатбаевтың айтуынша, тарифтердің айтарлықтай өсуіне негіз жоқ:

- Тұрғындар үшін өсім болмайды деуге болады. Сарапшылар 15 пайыз қажет деп айтып жатыр. Бірақ біздің құжаттарға сәйкес сәуірден бастап тариф өсімі жоқтың қасында. Себебі коммуналдық инфрақұрылымға қажетті қаражат бұрыннан қарастырылған. Қаржыландыру белгілі кезеңдерге бөлінген, кейбір жобалар былтыр аяқталды. Қазір тарифтерді қаржы мен жұмыс көлеміне қарай қайта қарау жүріп жатыр, – дейді Нұрлан Болатбаев.

Сонымен қатар, тарифтік саясат әлеуметтік қолдау шараларымен қатар жүргізіледі. Егер коммуналдық төлемдер отбасы табысының 5–10 пайызынан асып кетсе, артық шығын мемлекет тарапынан өтеледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай көмекті 10 мыңнан астам отбасы алған.

Ресми дерекке сәйкес, елдегі коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейі жыл сайын 3–4 пайызға өсіп отыр. Бұл мәселені шешу үшін күрделі жөндеу жұмыстарын күшейтіп, қосымша инвестиция тарту қажет. Биыл инфрақұрылымды жаңғыртуға 1 трлн теңгеден астам қаражат керек.

Салада кадр тапшылығы да өзекті болып отыр. Өткен жылдан бері пилоттық жобалар аясында 31 млрд теңге игеріле бастаған.

Тариф мәселесіне қатысты сарапшылар ашықтықтың маңызын атап өтеді:

- Халық тарифтің нақты қандай мақсатта көтеріліп жатқанын түсінуі керек. Бірнеше жыл бұрын Екібастұз бен Риддерде ауыр жағдайлар болды. Бұл – инвестицияның жеткіліксіздігі мен қаржы тапшылығының салдары. Осыдан кейін Үкімет 5 жылдық жоспар қабылдап, өңірлерде энергетика мен су инфрақұрылымын жаңартуға кірісті, – деді Марат Мұстафин.

Қазіргі уақытта елімізде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Биыл 7,6 мың шақырым инженерлік желіні жөндеу жоспарланған. Бірқатар өңірлерде электр және жылу желілері жаңартылып, қызмет сапасы жақсарған.

Коммуналдық тарифтерге қатысты саясат әлеуметтік қолдау шараларымен қатар жүзеге асырылады. Мемлекет табысы төмен және осал топтағы азаматтарға тұрғын үй көмегі арқылы қолдау көрсетеді. Егер коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығын отбасы кірісінің 5–10 пайызына жетсе немесе одан асып кетсе, артық бөлігі бюджет қаражаты есебінен өтеледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай көмек 10 057 отбасыға берілген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
С
Сатышбеков Үмбет 30.03.2026
Тараз қаласының тұрғынымын Газға жылда 20 мыңға жетпейтіндей төлем ақы жасайтынмын қатты суықтарда биыл 30 мыңның үстінде төледім біз үшін өте қымбат
Жауап беру
С
Сатышбеков Үмбет 30.03.2026
Тараз қаласының тұрғынымын Газға жылда 20 мыңға жетпейтіндей төлем ақы жасайтынмын қатты суықтарда биыл 30 мыңның үстінде төледім біз үшін өте қымбат
Жауап беру
Б
Бахыт 30.03.2026
Сәлеметсіз бе, қандай санаттағы тұрғындар ала алады? Қалай жүзеге асажы?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл