Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Барлық оқу орнына тиесілі қаржы Назарбаев университетіне берілгені рас па?
Жаңалықтар

Барлық оқу орнына тиесілі қаржы Назарбаев университетіне берілгені рас па?

17.05.2023
1 мин
0
413

Бүгін Мәжілісте «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Ғылымды дамыту туралы» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Онда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндама оқып, депутаттар сауалдарын жолдады, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

«Біз 15 жыл бұрын Назарбаев университеті үшін қаржыны төктік. Бүкіл университетке жасайтын жағдайды соларға бердік. Статусын күшейттік, ешкім тексерген де жоқ.  Қанша уақыт болды, нәтижесін көріп тұрған жоқпыз. Басқа оқу орындары қаржыландырудан қалды. Мысалы, Жақаев университеті мүлдем қаржыландыру алып отырған жоқ. Ғылымға 2020 жылы 7 млрд 600 млн теңге, 2021 жылы 7 млрд 21 млн теңге, ал 2022 жылы 7 млрд 124 млн теңге қаржы бөлінген. Қандай нәтиже бар? 1 жылдың ішінде 15-ақ патент алды. Халықаралық рейтингтің 4-еуін көріп шықтым. Біреуінде де Назарбаев университеті жоқ», - деді депутат Мұрат Әбенов Үкімет отырысында.

Депутаттың бұл сауалына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қолдау білдірді.

«Университеттің басқару жүйесі өте күрделі. Шыны керек, мен оны енді түсініп жатырмын. Жоғарғы қамқоршы кеңес, үш қамқоршы кеңестер, Назарбаев қоры бөлек, Назарбаев зияткерлік мектептері бөлек. Мен қазіргі таңда қамқоршылық кеңеске кіре алмаймын. Ол үшін Заңды өзгеру керек. Үкімет сол Заңға тиісті өзгерістер енгізгелі жатыр. Толығымен сіздің айтқаныңызбен келісемін. Шын мәнінде де қомақты қаржыландыру болды. Бірақ былай қарасаңыз, жоғары білім саласының үлкен даму бюджеті сол университетке беріліп жатыр. Мүмкін осы бюджет біздің жобаны жүзеге асыруға берілген жағдайда қандай нәтижеге жетер едік»,- деді министр Саясат Нұрбек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
296
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл