| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде арандатушылық сипаттағы жазбалар мен пікірлер таралуына байланысты жауапкершілік қарастырылғанын ескертті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бас прокуратура интернет кеңістігінде алауыздық тудыратын мазмұнға қатысты құқықтық жауапкершілік бар екенін мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, әлеуметтік желілерде кей жағдайда арандатушылық сипаттағы жазбалар мен пікірлер таралып жатқаны байқалады. Алайда нақты қандай контентке қатысты екені көрсетілмеген.
- Мәселен, Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес алауыздықты қоздырғаны үшін жасалған іс-әрекеттің ауырлығына қарай 2 мыңнан 7 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 2 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру түріндегі жаза қарастырылған, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар онлайн-платформаларда заңға қайшы контентті жариялау және тарату жағдайларына да жауапкершілік көзделгені ескертілді.
Егер әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, мұндай жағдайда 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін екені айтылған.
Бас прокуратура азаматтарды әлеуметтік желілерде ақпарат тарату кезінде заң талаптарын сақтауға және арандатушылық мазмұннан аулақ болуға шақырды.