| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
14 наурызда қазақстандықтар Көрісу күнін атап өтеді. Бұл күн халық арасында Амал мерекесі деп те аталады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл мереке еліміздің батыс өңірлерінен бастау алып, кейін бүкіл Қазақстанға кеңінен тарады.
Көрісу күні адамдар таңнан бастап бір-бірінің үйіне барып, үлкендерге сәлем береді. Жақындары мен таныстары бір-бірін мерекемен құттықтап, төс қағыстырып амандасады. Бұл – адамдардың аман-есен жаңа жылға жеткеніне қуанып, өзара ізгі тілектер білдіретін ерекше дәстүр.
Амал мерекесі – ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртып, адамдар арасындағы сыйластық пен бірлікті нығайтатын күн. Сонымен қатар бұл күн елімізде дәстүрге айналған Наурызнама онкүндігінің басталуын білдіреді.