Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дастан Мұхамедрахым: «Қой да бақтым, мұғалім де болдым...»
Маман пікірі

Дастан Мұхамедрахым: «Қой да бақтым, мұғалім де болдым...»

05.09.2023
1 мин
2
2440

Кезінде қой бағып шопан болған, кейін мектепте қазақ тілінен сабақ берген қарапайым ауыл баласының 3 бірдей видеосы әлеуметтік желіде 20 миллионнан астам қаралым жинады. Dauletten.kz бүгінде әлемге әсем табиғат пен әдемі ғимараттарды түсіруден танымалдығы артқан Дастан Мұхамедрахым жайлы айтады.

Дастан Мұхамедрахым - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Қызыл-Кесек ауылында дүниеге келген. Өскен өлкесіндегі сұлу табиғат Дастанның әдемілікке деген махаббатын оятады. Дәл осы сәттен бастап қарапайым ауыл баласында табиғат әдемілігін камера арқылы жеткізу арманы пайда болады. 

Қазіргі таңда әлеуметтік желіде «bydastann» атымен танымал автор өзінің көзімен көрген табиғат топтамаларын жиі жариялап отырады. Ол бейнелерден Дастанның Отаныңа, оның әр тасына деген құрметін байқауға болады. 

Сұлулықты көрерменге әдемі жеткізу үлкен өнер. Дастан ол қабілетті жетік меңгеріп алған. Ол үшін көп еңбек етті, ізденді. Өз жолын іздеді.

«Әуелі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі боп еңбек етіп көрді. Мектепте қосымша SMM маманы боп жұмыс істеді. Кейін видео түсіруге қызығушылығы артып, ютуб арқылы білімін шыңдады. Ізденіс пен тынымсыз еңбектің арқасында бүгінде сұранысқа ие операторға айналды. Жұмыстарына әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар қызығады»,- дейді оның жақындары.

Еңбегінің арқасында дүниежүзін аралап та жүр. Бірақ Дастан үшін туған елі мен ауылынан асқан жер жоқ.

«Нағыз бақыт шетелге барып қыдыру емес, ауылда жақындарыңның жанында болу», - дейді ол.
 

Сол ауылына интернет орнатып берсе деген арманы да бар. Бұл арқылы өзі секілді білім іздеген жастарға даңғыл жол ашыларына сенеді. Ал біз өз кезегімізде Дастан секілді Отанына адал, кәсібіне берік жастар барда, еліміздің болашағының жарқын болатынына сенеміз.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
300
2 Пікір
А
Арапбаева Гулжанат Ибраймовна 18.09.2023
Жарайсыз Дастан Агай
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл