| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды облысында интернет-казино ойыншыларының ақшасын қабылдап, аударумен айналысқан топ анықталды. Схемаға 23 дропперлік шот тартылып, олар арқылы 415 млн теңгеден астам операция жасалған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қарағанды облысында интернет-казино ойыншыларының қаражатын қабылдау және аударумен айналысқан топтың әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер 2026 жылғы қаңтарда «Vavada» интернет-казиносының өкілдерімен Қазақстандағы ойыншылардан ақша қабылдау және қаражатты шығару бойынша келісім жасаған.
Топ мүшелері арасында міндеттер бөлінген. Бір күдікті жұмысты ұйымдастырып, интернет-казино өкілдерімен байланыс орнатқан. Екіншісі банк шоттарын пайдалануға беретін адамдарды іздеп, олардың шоттарына қол жеткізген және операторларды жұмысқа тартқан.
Ал жалданған операторлар Қарағанды қаласында жалға алынған кеңседе тәулік бойы ауысыммен жұмыс істеген.
АФМ мәліметінше, қаржылық операцияларды жүргізу үшін 23 дропперлік банк шоты пайдаланылған. Осы шоттар арқылы жалпы сомасы 415 млн теңгеден асатын операция жасалған.
Қылмыстық іс аясында екі күдікті үйқамаққа алынды. Сонымен қатар сот санкциясымен олардың жеке үйіне, екі жер теліміне және Mercedes-Benz автокөлігіне тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданған. Тергеу құпиясына байланысты Қаржылық мониторинг агенттігі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес істің өзге мән-жайларын жарияламады.