Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде лицензиясынан айырылған банктегі депозиттің кепілдендірілген сомасын қайтаруға өтініш бермеген азаматтардың ақшасы зейнетақы есепшотына автоматты түрде аударылады. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады.
"Бұл дегеніміз, егер депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған және барлық операцияны жүргізу лицензиясынан айырылған банктегі депозит салымшысы кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жылдың ішінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына (ҚДКБҚ) жүгінбесе, онда ҚДКБҚ кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы есепшоттарына аударады", - делінген ресми ақпаратта.
Аталмыш өзгеріс мамыр айынан бастап іске асады. Есепшот автоматты түрде ашылатын болады.
Қор мамандарының айтуынша, егер азаматта зейнетақы шоты бұрыннан болған жағдайда кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы осы шотқа аударылады.
Талап етілмеген соманы қайтарып алуға болады. Ол үшін «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңға сәйкес ҚДКБҚ-ға өтініш жаза алады. ҚДКБҚ өз кезегінде БЖЗҚ-ға хабарлама жібереді және қайтару жүргізіледі. Қайтарылған қаржыны қайта пайдалануға болады.