Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Су тасқыны болған өңірлердің балалары сауықтыру орталықтарына жіберіледі
Жаңалықтар

Су тасқыны болған өңірлердің балалары сауықтыру орталықтарына жіберіледі

21.05.2024
1 мин
0
317
Фото: Жетісу облысы білім басқармасы

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 3800-ден астам бала сауықтыру орталықтарына жолданады. Бұл туралы Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтып берді.

«Су тасқынынан зардап шеккен өңірлер балаларының демалысы ерекше назарда. Бүгінгі күні 628 бала демалуда. Алдағы уақытта 3 883 бала сауықтыру орталықтарына жолданады», - деді Оқу-ағарту министрі.

Сонымен бірге, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады.

Оның ішінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің оқушыларына, халықтың әлеуметтік осал топтарынан және көп балалы отбасынан шыққан ауыл балаларына басымдық беріледі.

Айта кетейік, биыл елімізде 10 мыңнан астам демалыс орнында 3 млн-ға жуық бала жазғы демалысын өткізеді.

Жазғы демалысты мазмұнды ұйымдастыру мақсатында 120 мың ұйымдастырушы-педагог арнайы дайындықтан өтті. Оған қосымша 12 мыңнан астам студенттер және еріктілер тартылмақ.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл