Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Динара Шүкіжанова депутаттық мансабынан өз еркімен бас тартты
Жаңалықтар

Динара Шүкіжанова депутаттық мансабынан өз еркімен бас тартты

24.01.2024
1 мин
0
473

Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica фракциясының мүшесі Динара Шүкіжанова өз өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берген. Мәжілістің жалпы отырысында қаулы қабылданды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«ҚР Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы ҚР Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, ҚР Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Аманжелқызы Шүкіжанованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.А. Шүкіжанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Мәжіліске енгізілді», - деді ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов.

Өз кезегінде Динара Шүкіжанова Мәжіліс депутаты ретінде алған тәжірибесі ұшан-теңіз екенін айтты.

«Мен осы бағыттағы жұмысымды жалғастырамын. Себебі Respublica партиясының тең төрағасы ретінде қызметімді атқарамын», - деді ол.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл