452.12
508.95
5.41
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңа жылдан бастап асыраушысынан айырылғандар мен мүгедектігі бар азаматтарға төлем өседі
Жаңалықтар

Жаңа жылдан бастап асыраушысынан айырылғандар мен мүгедектігі бар азаматтарға төлем өседі

16.10.2026
мин
0
340
Сурет: zakon.kz

Қазақстанда асыраушысынан және еңбекке қабілетінен айырылған азаматтарға төленетін әлеуметтік төлемдер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға артуы мүмкін. Тиісті өзгеріс Үкімет қаулысының жобасында қарастырылған. Құжат әзірге қоғамдық талқылау кезеңінде, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін бірқатар әлеуметтік төлемді көбейту ұсынылды. Егер жоба мақұлданса, асыраушысынан немесе еңбекке қабілетінен айырылуына байланысты төлем алатын азаматтардың табысы келесі жылдан бастап артуы мүмкін.

Үкімет қаулысының жобасы 15 қазанда «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжатты қоғамдық талқылау 2026 жылғы 2 қарашаға дейін жалғасады. Өзгерістерді 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу жоспарланған.

Төлем қанша теңгеге артады?

Ұсыныс қабылданған жағдайда әлеуметтік төлемдер қазіргі мөлшерінен 8,5%-ға көбейеді. Мәселен, ай сайын 100 мың теңге алатын азаматтың төлемі 108,5 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін. Яғни ай сайынғы кірісіне қосымша 8,5 мың теңге қосылады.

Дегенмен төлемнің нақты мөлшері әр адамға жеке есептеледі. Есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыс, сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және заңнамада көзделген өзге де жағдайлар ескеріледі. Асырауындағы адамдардың саны да төлем көлеміне әсер етуі мүмкін.

МӘСҚ төлемдері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан азаматтарға, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда олардың отбасы мүшелеріне беріледі.

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл төлемдер 10%-ға ұлғайтылған болатын. Енді Үкімет жаңа өсімді келесі жылдың басынан бастап енгізуді ұсынып отыр.

Мемлекеттік қолдауға қатысты қандай өзгеріс бар?

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау тәртібіне де өзгерістер енгізу жоспарланған. Кейбір төлемдер бойынша отбасының әлеуметтік жағдайы ескеріледі. Осыған байланысты тұрмыстық жағдайы жоғары азаматтардың бір бөлігі жекелеген мемлекеттік қолдау түрлерін алу құқығынан айырылуы мүмкін.

Алайда бұл талаптар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін сақтандыру төлемдеріне қолданылмайды. Қордың түсіндіруінше, жұмыс істейтін азаматтар отбасының әл-ауқат деңгейіне қарамастан, заңда белгіленген талаптарға сай болса, өздеріне тиесілі әлеуметтік сақтандыру төлемдерін ала алады.

Осылайша, 2027 жылы әлеуметтік төлемдердің өсуі әзірге жоспар күйінде қалып отыр. Нақты шешім Үкімет қаулысының жобасы қабылданғаннан кейін белгілі болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл