| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Декреттегі әкелерге зейнетақы есептеуде тең мүмкіндік берілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәжіліс екінші оқылымда қабылдаған заң бойынша декретке шыққан әкелердің құқықтары әйелдермен теңестірілді. Енді жұмыс істемейтін әкелердің кәмелет жасына толмаған балаларға күтім жасаған уақыты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептеледі.
Сонымен қатар, жаңа түзетулерге сәйкес, жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналардың еңбек шартын бұзу тыйым салынды. Бұрынғы «жалғызбасты аналар» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» деп өзгертілді.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов декретке шыққан әкелерге төлемнің қалай жүзеге асырылатынын түсіндірген еді.