Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еуразиялық банк жеңілдетілген автонесие бағдарламасына өтінім қабылдауды тоқтатты
Жаңалықтар

Еуразиялық банк жеңілдетілген автонесие бағдарламасына өтінім қабылдауды тоқтатты

23.05.2022
1 мин
2
1928

Еуразиялық банк жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды уақытша тоқтатты.

«Еуразиялық банкке бүгінде 15 млрд теңге бөлінген болатын. Сол қаржы қазіргі уақытта игерілді. Сондықтан өтінімдерді уақытша қабылдамаймыз. Бірақ, келесі айда екінші транш бөлінген кезде қайтадан қабылдауды бастаймыз. Біздің банкке жалпы 35 млрд теңге қаражат бөлінеді. Оның 15 млрд теңгесі осы апта ішінде клиенттерге несие ретінде беріледі. Яғни, 15 млрд теңгенің өтінімі мақұлданып отыр. Қазіргі уақытта өтінімдерді қабылдамаймыз», - деді Еуразиялық банк директорының орынбасары Берік Сабыржанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. 

Оның атап өтуінше, маусым айының басынан бастап Еуразиялық банк жеңілдетілген автонесие бағдарламасына өтінімдер қабылдай бастайды.

Айта кетейік, аталған бағдарлама басталғаннан бері 14 507 өтінім қабылданды. Оның ішінде 4 834 жеке тұлғаға 35,7 млрд теңге мақұлданды. 34 адам көлігін алып үлгерді. 

Қазақстандықтар арасында Chevrolet, Hyundai, Kia, Jac, «Лада» көліктері танымалдыққа ие.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
М
Малик Еркебұлан 24.05.2022
Мен бұдан алды Сіздерден несие алып,оны досрочно жапқан болатынмын.
Жауап беру
А
Аяулы 23.05.2022
1кезекте көпбалалыларга берсе дұрысырақ болар еді, и как всегда акшасы барлар алып жатыр доходтары жогарғы санаттагылар!Пенсионка міндетті түрде деп жатыр ал аскери кызметтегілерде ондай жинак жок сонда олар аламайды ма?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл