448.44
514.81
5.33
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Генерал-майор Қуанышбек Үштаев жаңа қызметке тағайындалды
Жаңалықтар

Генерал-майор Қуанышбек Үштаев жаңа қызметке тағайындалды

21.09.2026
мин
0
97
Сурет: politico.kz

Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінде басшылық ауысты. Генерал-майор Қуанышбек Үштаев жаңа бас қолбасшы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Осыған дейін бұл лауазымды атқарған генерал-майор Мереке Мәтімұлы Көшекбаев қызметінен босатылды. Ол Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметін 2024 жылғы қарашадан бері атқарып келген.

Қуанышбек Үштаев туралы не белгілі?

Қуанышбек Үштаев 1976 жылғы 5 қазанда Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Алексеевка ауылында дүниеге келген.

1997 жылы Алматы жоғары әскери училищесін, 2009 жылы Ұлттық қорғаныс университетін тәмамдаған. Ал 2018 жылы Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.

Әскери мансабын 1997 жылы бастаған Үштаев әр жылдары түрлі әскери бөлімдерді басқарған. 2000 жылы мотоатқыштар батальонының командирі болды. Кейін десанттық-шабуылдау батальонының және бірнеше әскери бөлімнің командирі қызметін атқарды.

2009 жылы әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары әрі штаб бастығы болып тағайындалды. Кейін «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарында жоғары басшылық қызметтер атқарды.

2018 жылы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары әрі штаб бастығы болды. 2022–2023 жылдары осы өңірлік қолбасшылықты басқарды.

2023 жылғы қарашадан 2024 жылғы қарашаға дейін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарды.

Енді генерал-майор Қуанышбек Үштаев Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы ретінде қызмет атқарады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл