Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ірі көлемде ақша жымқырған қылмыстық топ ұсталды
Жаңалықтар

Ірі көлемде ақша жымқырған қылмыстық топ ұсталды

06.02.2021
1 мин
1
1219

Қостанай облысында мемлекет тарапынан бөлінген қаражатты жымқырған азаматтар ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы ("Алаяқтық, аса ірі мөлшерде") бойынша тергеу шаралары басталды.

"Қылмыстық топ мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңгені жымқырған. Қаражат облыстың шаруашылық қожалығына күн энергиясын пайдалана отырып, ұңғымалардан суды көтеруге арналған жабдық сатып алуға субсидия ретінде бөлінген болатын", - дейді агенттік мамандары.

Айта кетейік, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Ш
Шарипа 06.02.2021
Қалыққа тиесілі қаражатты қымқырғандарғой құдайсыздар.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл