Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Кейде өмір біз күтпеген бұрылыстарға толы болады. Жұмыстан босатуы мүмкін, денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін немесе табыс азайып, бұрын оңай төлеп жүрген несие кенеттен ауыр салмаққа айналады. Телефон шырылдап, банк қызметкерлері хабарласқанда, көпшілік тұтқаны көтеруге қорқады. "Не деп жауап берем?", "Енді не істеймін?" деген алаңдаушылық пайда болады. Алайда, шын мәнінде, банкпен ашық диалогқа бару – тығырықтан шығудың ең дұрыс жолы, - деп мәлімдейді Dauletten.kz.
Қайта құрылымдау – бұл бар несиені қайта қарап, оның шарттарын өзгерту. Яғни:
Дегенмен, бұл үшін расымен де қаржылық қиындықтың барын дәлелдейтін құжат қажет. Мысалы:
Ең маңыздысы – өтінішті уақытында беру. Несие төлемі кешіктірілгеннен кейін, банк 20 күн ішінде ескерту жасайды. Ал сізде 30 күн бар – осы мерзім ішінде қайта құрылымдауға өтініш тапсыруға болады.
Қайта қаржыландыру – бұл тәсіл, әдетте, бірнеше несиесі бар, бірақ оларды тұрақты түрде өтеп жүрген адамдарға арналған.
Егер банк сіздің өтінішіңізді қабылдамаса, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне немесе банк омбудсменіне жүгінуіңізге болады. Бұл – сіздің заңмен қорғалған құқығыңыз.
Кредит мерзімін ұзарту – банкке барып, төлем кестесін қайта қарау мүмкіндігі. Бұл ай сайынғы төлемді азайтып, несиенің жалпы мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, үш жылға алынған несиені алты жылға дейін созуға болады.
Алайда, есте ұстаған жөн: мерзім ұзартылған сайын банк есептейтін пайыз мөлшері де көбейеді. Бірақ егер басты мақсат – уақыт ұту болса, бұл – қарастыруға болатын амал.
Несие бойынша үзіліс – егер сіз шын мәнінде күрделі жағдайға тап болсаңыз, мысалы:
Мұндай үзіліс кезінде айыппұл есептелмейді. Бірақ бұл мерзімде пайыз есептелуді жалғастырады және кейін төлем сомасы артуы мүмкін.
Автор: Ұлжан Омарова