Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Коронавирустың екінші толқыны: тағы да дәрі тапшылығы бола ма?
Жаңалықтар

Коронавирустың екінші толқыны: тағы да дәрі тапшылығы бола ма?

09.08.2020
1 мин
23
6186

Елімізде Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың кезекті толқынына арнайы жоба әзірлеп жатқанын айтқан еді. Мамандардың айтуынша, әлемде пандемияның екінші толқынына дайындық жүріп жатыр. Вице-министр Людмила Бюрабекова да кезекті толқын күз мезгілінде қайталанып, сол уақытта түрлі вирустық инфекциялар, тұмау, маусымдық аурулар да асқынатындығы жайлы атап өтті. Министрлік жақын арада барлық болжамды ескеріп, құжаттарды жариялайтынын айтты.

Күзгі толқынға дайындық қалай жүріп жатыр?

Мәліметке сүйенсек, елімізде алғаш коронавирус анықталғалы 12,8 млрд теңгеге дәрі-дәрімек сатып алынған. Ал алдағы уақытқа Денсаулық сақтау саласының мамандары күз мезгілінде тұмаудың асқынатындығын ескеріп, дәрі-дәрімектердің 2 айлық қорын жасақтаған. Науқастарды емдеуге 50 түрлі дәрілерді сатып алу үшін 24 миллиард теңге жұмсамақ. Бұл дегеніміз айына 100 мың науқастан, 200 мың адамды қамтиды.

"Шілде айында емханаларда дәрі тапшылығын шешу үшін жоспардан тыс 2,6 млрд теңгеге айлық резерв жөнелтілді. 8,7 млрд теңгеге 40 мың науқасты емдеуге қосымша дәрі сатып алынды. 24 миллиард теңге сомасына 100 мың пациентті емдеуге арналған дәрілік заттар бойынша 2 айлық резерв қалыптастырылды", – деді "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев.

Екі айлық қорға дәрі-дәрімекпен қатар бетперденің 5,8 млн данасын сатып алу көзделіп отыр. Ал маска бағасы 60 теңгеден сатылуы жайлы келіссөз жүргізіліп жатыр.  Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова онлайн брифинг барысында айтты.

"Ақпан айында бір масканың бағасы 15 теңге болды. Пандемия басталысымен баға қымбаттап кетті. Жеке қорғаныс құралдарын жасайтын тауар өндірушілер бізде бар. Бірақ біз импортқа тәуелді мемлекетпіз. Шикізат Қытайдан келеді. Дәл сол уақытта шикізат қолжетімсіз болғандықтан, елімізде маска тапшылығы болды. Ал қазір біз отандық өндірушілермен келісім жүргізіп, маска бағасын 60 теңгеге түсіруді жоспарлап отырмыз", – деді ол.

Вакцинаға қанша қаражат бөлінеді?

COVID-19-ға қарсы вакцина әлі табылмаса да Денсаулық сақтау министрлігі оған жұмсалатын қаржыны алдын ала есептеді. Екпені алу үшін транспорт жүйесін  санамағанда 18 млрд теңге кетеді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, бір вакцина бағасы 4 142 теңгеден 8 284 теңгеге дейін болады. Тегін екпені созылмалы аурулары бар, соның ішінде 65 жастан асқан адамдар, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, қант диабеті, созылмалы обструктивті өкпе ауруына шалдыққандар ала алады.

Тағы да дәрі тапшылығы қайталана ма?

Дәрі тапшылығына қатысты Ерхат Есқалиев еліміздегі медициналық орталықтардың өз қажеттіліктерін ескеріп, тапсырыс беріп жатқандығын айтты. Мекемелерден тапсырыстар толық қабылданып, алда сатып алу жұмыстары басталады. Ал 2021 жылға арналған жоспар бойынша шілде айында пандемиямен күреске қарсы қолданатын дәрілік заттардың тізімі шықты. Тізімде жалпы 1421 атау көрсетілген. Кестеге 1 015 дәрі-дәрімек және 406 медициналық заттар кірген. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында барлық қажетті дәрі-дәрмектер қоймаларда болады деп отыр "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
23 Пікір
Р
Рабиғ 10.08.2020
Вакцина әле табылған жоқ дейді,бірақ ваксина алғашқы қазақстандыққа салынды диді не айтып отырсыңдар?
Жауап беру
Л
Лаура 09.08.2020
ештене болдырмаса да боладау осы. жейтіндерін басқаша жесін.
Жауап беру
Л
Лаззат 09.08.2020
Дари тапшылыгы болмайды деген накты жауап жоккой созди кобейтип бален млн болинди деп сандар мен млндар
Жауап беру
Д
Дархан 09.08.2020
Жай гана сандары нес, акша гой. Жеп коймаса енди осины. Ешким ауырмай барине дурыс жестче екен
Жауап беру
А
Айжан 09.08.2020
Дәрі тапшылығы болады деп сізге бірден біреу айта ма? Оның бәрі сізден, мемлекеттен бөлініп жатқан ақша. Сонша қаржы бөлініп жатса, дәрі дұрыс берілу керек. Ал сіз сияқты адамдар ол ақшаның қайда, қалай жұмсалғанын білу керек. Сонда ғана өз құқыңызды қорғай аласыз
Жауап беру
А
Арай 09.08.2020
Дари тапшылығы болмайт деген сөз оттаған сөз гой
Жауап беру
Д
Динара 09.08.2020
Аллахымдын козу туз болсын не болса да бир Аллахтын колындамыз
Жауап беру
Ж
Жазира 09.08.2020
Бір күні осы млрд- тарды жеп қойыпты деп тұрмасын. Ақшаны бөледі, бірақ олар жемқордардан ауыспайды
Жауап беру
Г
Гүл 09.08.2020
Әлі дайындық. Сақадай саймыз деген сөз жоқ
Жауап беру
Д
Динара 09.08.2020
Кийн 1апта кешигип калдык деп коя салады да
Жауап беру
Ж
Ж 09.08.2020
Осылар корыпкелма аитеуыр аиткандары келып жатыр шыркау шегыне жетып басылады деп еды енды екыншы толкыны деп итак халык уреиленып отканда одан бетер кылып
Жауап беру
С
Сатыбалды 09.08.2020
Індеттің екінші толқыны қауіптірек болады деп жатыр. Осыған орай сақтану шаралаоы қалай болмақ
Жауап беру
Н
Н 09.08.2020
Министрлер кайдан бледi кузде болатынын, күдiктi. Мүмкин үкимет өздери ашык турде жасап отырган шыгар, блетиндеЙ. Бiр Алла бледi. БIР АЛЛАҒА ТАПСЫРДЫК. ЕЛИМИЗ АМАН, БАУЫРЫМЫЗ БУТИН БОЛСЫН.
Жауап беру
М
Макпал 09.08.2020
Короновирустың екінші толқыны болатынын қайдан біледі? Аллам өзі сақтасын. Шілде айында бəріміз ауырып дəрі таппай сандалдық ғой. Аптекада очередт
Жауап беру
К
Кенжегул 09.08.2020
Халыкка онайга тийп отырган жок. Корип отырганымыз тек кана цифралар бирак натиже жок. Аппараттарды блогер белсендилер сатып алса халык акша жинап сонда миллиардтар кайда кетип жатыр? Егер булай жалгаса берсе калай кунелтемиз?
Жауап беру
А
Абдрахимова Лиза 09.08.2020
Сәлеметсіздер ме. Бала шагамыз жас коркып отырмыз. Кандай дәрылер алып койсақ болады. Бұл жағдайды токтатуға болмай ма? Не деген маскара. Осындай бай Мемлекетте коркып, үрейленіп отырамыз.
Жауап беру
О
Олжас 09.08.2020
Бар әлем коркп отыр гой
Жауап беру
К
Кенжегул 09.08.2020
Осылар аурудын кашан,кай уакытта калай болатынын кайдан биледи?
Жауап беру
С
Сауле 09.08.2020
Бишара халык тагыда дари издеп аптекада кезекте турады.42500тг копсинип жатыр ол шындап келгенде бир отбасыны даримен камти алмайды
Жауап беру
М
Молдир 09.08.2020
Мына млрд тардын комеги кайда? Неге халык манырап кетти дари издеп? Неге жай цитромон парацетамол тапшылыгы басталды? Бул млрдтар кайда калай жане не дарилерге жумсалды? Covid19 бен ауырады пневмония деп адамга салынган дарилерден неше адам олди. Адам олтиретин дари дармектер алынган болар. Билык билгенин истеди. Шалдын саясаты жалыктырды. Е
Жауап беру
А
Айман 09.08.2020
Халыктын жагдайын ойласа, халык кырылып жатканда пневманиядан, май айында баска елдерден комекке келген дарилерди астарына басып жатпас еди гой. Ауру калса да адет калмаган биликте, айтеур жеп калу, кара бастарынын камы халыктан артык болганы да.Бизге озин гана емес халыкты ойлайтын, халкы ушин олуге бар, акылды да кореген, жас басшы керек. Басшыны бир адам емес ХАЛЫК сайлау керек. Сонда ел басына (ауру индеттер)кандай кауып тонсе де адам шыгыны осындай коп болмас еди.
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл